Дариға Назарбаева отставкаға кетуі тиіс
АйсұлтанНазарбаевтың мәлімдемесінің қандай саяси астары бар? Оның артында кімдер тұр?
Осы және өзге де маңызды сауалдарды белгілі журналист Гүлжан Ерғалиеваға қойдық.
Осы күндері елімізде ең көп талқыланып отырған мәселе АйсұлтанНазарбаевтың мәлімдемесі болды. Оның атасы Нұрсұлтан Назарбаев пен шешесі Дариғағақатысты айтқан сөздерінің рас-өтірігін анықтау аса маңызды емес болар. Бастысы,бұл мәлімдеменің шығу төркінінде болып тұр. Айсұлтанға осындай мәлімдеме жасауғане түрткі болды деп санайсыз? Оны бұған итермелеген топтар болуы мүмкін бе?
Айсұлтан Назарбаевкүтпеген мәлімдеме жасады. Оның бұл мәлімдемесі қоғамдық талқылау тудырды. Тәуелсізақпарат құралдары жарыса жазды. Бұл отбасылық құпия болса да, оның салдары мүлдебасқа ойларға жетелейді. Бірақ Айсұлтан Назарбаев мұндай ашық демаршы алғаш ретболып тұрған жоқ. Ол осыдан бір жыл бұрын мемлекеттік саясатқа араласуғаталпыныс жасап, Нұрсұлтан Назарбаевтың маңайындағы үзеңгілестеріне қарсы мәлімдемелержасаған. Сол себепті бұл жерде қалай десек те, саяси астар бар. «Президенттіңжиені аяқастынан отбасылық құпияларды жайып салды» деп санау жеткіліксіз. Бұныңартында отбасылық құпиялар ғана емес, саяси шешімдер де тұр. Мұндай оқиғалар қоғамныңқызығушылығын туғызады. Себебі Дариға Назарбаева – жай ана немесе жеке тұлға ғанаемес, ол сенат спикері, биліктегі екінші адам.
АйсұлтанНазарбаевтың мәлімдемесіне басқа жағынан қарау керек. Кім кімнен туды, кімкімнің ұлы? Бұл әркімнің жеке шаруасы. Оған акцент қоюдың қажеті жоқ. Өмірде неболмайды? Бірақ осы мәлімдемелердің арасында басқа жаңалықтар мен ақпараттарбелгілі болды. Бұл жерде мені осы елдің азаматы ретінде толғандырғаны – АйсұлтанНазарбаевтың «анам Дариға Назарбаева мен отставкадағы ҰҚК генералы Әлнұр Мұсаевменің әкем Рахат Әлиевті өлтірді» деген мәлімдемесі. Бұған қоғам ғана емес, құқыққорғау органдары да назар аударуы керек. Бұл жай көшеде жүрген біреудің сөзіемес. Оның олармен қаны бір, жақын адамдары. Өте құнды куәгер. Ол бала емес, кәмелеттікжасқа толған, өзінің сөзі үшін заң алдында жауап бере алатын азамат. Солсебепті, менің ойымша, қоғам мен құқық қорғау органдары бірінші кезекте осығанназар аударуы керек еді.
Мені толғандырғанекінші мәселе – Айсұлтан Назарбаевтың «анам Дариға Нұрсұлтан Назарбаевты бақылауда ұстап,манипуляция жасады» деген сөзі. Назарбаев 28 жыл мемлекетті басқарды жәнешексіз билікке ие болды. Яғни оның қызы Дариға Назарбаева бірінші президентке ықпалынжүргізу арқылы маңызды мемлекеттік шешімдерге әсер етуі мүмкін. Бізді адам жәнеқоғам ретінде осы дүние толғандыруы керек. Үшіншіден, Айсұлтан Назарбаев туғананасын өзіне қастандық жасап, өлтіргісі келетіндігін айтып айыптады. Егер бізшын мәнінде құқықтық мемлекет, заң алдында барлығымыз тең болсақ, онда осы үш мәселегеназар аударып, тым болмағанда парламенттік комиссия құрып, Дариға Назарбаевасол жерде сұрақтарға жауап беруі керек еді. Біз «әкесі ме, әкесі емес пе?»дегенді талқыламай, осы дүниелерге назар аударуымыз қажет болатын. Бұл – шындапкелгенде, ұлттық қауіпсіздік мәселесі.
Айсұлтан Назарбаевтың мәлімдемесінің артында белгілі біртоптар тұруы мүмкін бе?
Айтқанымдай, АйсұлтанНазарбаев бұған дейін де биліктегі бірнеше адамды айыптап, «халық жауы» дегенгедейін барған. Оны сол кезде саясатқа араластырды. «Мұның артында біреулер тұр»деп, мен сол кезде де айтқанмын. Қазір ол «анам барлығына манипуляция жасады»десе, болжам жасау қиын емес. Онда ол сол уақытта «анасының ойынын ойнады». Олжаңағы адамдарға қысым жасаудың «құралына» айналды. Бұл жолы да ол саясикланаралық тартыста «біреудің қолындағы сілтеген шоқпары болды» дегенге келісемін.Мұның артында нақты кім тұрғанын айту қиын.
Қазір ДариғаНазарбаеваның Рахат Әлиевтің заманынан қалған жаулары өте көп. Олар журналистермен оппозиция өкілдері ғана емес. Оның ішінде Назарбаевтың маңайында жүрген,мемлекеттік істерге қатысы бар адамдар болуы да мүмкін. Сол себепті «АйсұлтанНазарбаевтың мәлімдемесін біреу арнайы ұйымдастырды» дегенді жоққа шығаруғаболмайды. Бұл қауіпті болса да, 100 пайыздық нәтижеге бағытталған демарш. Олжерде болжамдар емес, салмақты айыптаулар айтылды. Әрине, бұл бірінші кезектеНазарбаев отбасына, мемлекетке жасалған үлкен соққы. Қазір билік ішіндегі күштерменқатар, сырттағы күштер де белсенді бола бастады. Әрқайсысының мақсаты мен мүддесібар. Олар Айсұлтан Назарбаевтың демаршын ұйымдастырмаса да, одан үлкен саясидивиденд алғандары анық.
Нұрсұлтан Назарбаев бұл мәлімдемеге қатысты бір ауыз сөзайтқан жоқ. Дариға журналистің сұрағына жауап бермей, өтіп кетті. Олардың ешқандайреакция білдірмеуінің себебі не?
Осыған дейін болғанЖаңаөзен оқиғасы, саяси тұлғаларға жасалған қастандықтар болсын биліктің халықалдында есеп берген кезі болды ма?! Қашан осындай оқиғаларға уақытында тәуелсіз,әділ зерттеулер жүргізілді?! Билік бізді «мұны сендерге толықтай білудің қажетіжоқ» дегенге үйретті. Бұндай қылмыстар соңына дейін еш уақытта ашылған жоқ.Рахат Әлиевпен болған отбасылық жағдайда да олар 15 жыл бойы оған назараудармады. Тек өздеріне, Нұрсұлтан Назарбаевқа қауіп төніп, ақша, билік бөлісуінекелгенде барып назар салды. Олар осындай жағдайларда ғана араласады. Қазір деолар өздерінің жеке мүдделеріне қайшы келмейінше, Айсұлтан Назарбаевқа қатыстыбіз күткен шараларды қабылдамайды.
Назарбаев жиенінің бұл сөздерінің қандай саяси жалғасыболады? Дариға Назарбаеваның саяси карьерасына соққы жасалды ма? Оның осыданкейін сенат төрайымы болып отыруы қаншалықты орынды?
Біз тағы да үнсіз қалатынболсақ, олар бір-екі апта күтіп, еш нәрсе болмағандай жүре береді. Тіпті болмағанжағдайда өздерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен халық арасында беделі бар ақсақалдарына«анау бала нашақор ғой, есі дұрыс емес, оған сенуге болмайды» деп айттырып, бұлжағдайды барынша тежейді. Азаматтық қоғам, БАҚ, саяси ұйымдар АйсұлтанНазарбаевтың анасына таққан айыптарына байланысты талаптар қоюы керек. Олар дәлелденетінболса, Дариға Назарбаева сөзсіз отставкаға кетуі тиіс.
Айсұлтанның бұл әрекетінен саяси дивиденд жинайтын кімболмақ? Сіздіңше, Назарбаевтар әулетінің осындай ыңғайсыз жағдайға қалуы кімгетиімді?
Оларды ешкімосындай даулы жағдайға итермелеген жоқ. Бұл отбасы өз-өзін баяғыда ұстапберген. Бұрын көп қайғылы жағдайлар Рахат Әлиевтен келген, енді отбасының өзгемүшелерінен келіп жатыр. Бұл мәселені шешу қажет. Отбасылық жағдайлардымемлекеттік мәселелермен шатастырмау керек. Бұл 30 жылдан бері жалғасып келеді.Экономиканың жақсы бөлігі кімде? Отбасы мүшелерінде. Ірі банктер кімде? Отбасымүшелерінде. Біздің ресурстарымызды кім басқарып отыр? Отбасы мүшелері. Жоғарылауазымды қызметтерге кімдер жайғасқан? Отбасы мүшелері. Енді осының барлығынажауап беруі қажет. Тегін еш нәрсе жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы, осындай жолмен жүргенекенсіз, енді отбасыңызбен бірге жауап беріңіз. Жақсы, олар мықты болсын,отырып алып елді басқарсын. Бірақ бізге нәтиже көрсетсін.
Қазір біз не көріпотырмыз? Айқай-шу, әлеуметтік жағдайдың төмендігі сияқты бітпейтін проблемалар.Мемлекет басқаруда білдей бір отбасы өз міндетін дұрыс атқармады. Сол себептіолар өз-өздерін ұстап берді. 2007 жылы Рахат Әлиевпен болған даудан кейін бұнытоқтату керек еді. Нұреке (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) елбасы болды, оны әлемтаныды. Қорықпай, сол уақытта туыстарының барлығын биліктен аластатуы керекеді. Рахаттан кейін бұл, керісінше, күшейді. Немерелері өсті, олардың барлығыналауазымды қызметтерді үлестірді.
Енді бұл кімдергетиімді дегенге келетін болсақ, қазір бұл барлығына тиімді. Халық, қоғам,оппозицияны қоспағанда, Назарбаевтың маңайында жүргендерге де тиімді. Өйткеніол таңдау жасады. Назарбаев биліктен кетуге 5-6 жыл бұрын дайындалды. Оның екітаңдауы болды. Біріншісі – демократиялық елдердегідей билік тармақтарын тең дәрежедебөліп беру болды. Қалай дегенде де, екінші президент біріншісіндей шексізбилікке ие болмауы керек қой. Бірақ ол билікті отбасы мүшелеріне бөліп берудітаңдады. Ол «менен кейін билікке балам келеді, сосын немерем, шөберем келіп жалғасабереді» деп ойлаған болу керек. Бірақ олай болмайды. Бұл тек ертегілерде ғанакездесетін дүние. Назарбаев таңдаған отбасылық жол құрдымға алып келді. Кешегіжағдай Нұрсұлтан Әбішұлының стратегиялық тұрғыда қателескенін көрсетті.
Айсұлтанға қатысты дау болашақта билік транзитіне қандай әсербереді деп санайсыз? Бұдан Назарбаевтың жоспары қалайда өзгере ме? Әлде ол солбұрынғыдай өз ойын жүзеге асыруға тырыса ма?
Ол бұдан бастартпайды. Себебі оның бағытты өзгертуге уақыты жоқ. Ол енді осы бағытты ұстаптұруға тырысады. Оның бұған билігі жетеді. Біз Тоқаевтың әзірге толыққандыпрезидент емес екенін жақсы білеміз. Қазір Назарбаевтың ықпалы өте жоғары. Оғантең келетін күш жоқ. Бірақ ол қанша тырысқанымен, онысынан түк шықпайды. Өйткенікедергілер өте көп. Себебі мұндай кедергілер мемлекеттің дамуына, алға жылжуынакері әсерін тигізеді. Тоқаевтың кеше үкімет отырысында берген тапсырмаларыонымен бір бағыттағы дүние емес. Бұл қарама-қайшы бағыт. Тоқаев әзірге тереңгебарған жоқ. Біз қазір экономикалық қайшылықтарға алып келетін, саяси текетірескезеңіне келдік. Осыған дейін барлығымыз қос билік дегенді айтсақ, енді осы екібилік бір-бірімен соқтығысады. Нұрекең аяқастынан ғайыптан тайып «мен шаршадым,қай бағытта жүрсеңдер де өздерің біліңдер» деп айтпаса, мұндай қайшылықтар оданары ушығады. Оның үстіне біз Дариға Назарбаеваның елдегі жоғары лауазымды қызметкедеген амбициясын көріп отырмыз. Мына даудан кейін оған кету керек немесе солорынға лайықты екендігін дәлелдеуі қажет. Егер ол дәлелдеуге кірісетін болса,онда жағдай бұдан ары қиындайды. Мұның арты саяси дағдарысқа алып келуі мүмкін.
Сұхбатыңызға рақмет!
Коллаж: Жас Алаш.