Саясат

Дариға Назарбаеваның құдасы елші болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ өкімімен ЕрмекКӨШЕРБАЕВ Сыртқы істер министрі орынбасары қызметінен босатылып, РесейФедерациясындағы Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.

Дариға Назарбаеваның құдасы елші болды

Бұл туралы «ЖасАЛАШ»  АҚОРДАҒАсілтеме жасап хабарлайды.

Ермек БЕДЕЛБАЙҰЛЫ 1965 жылы 2 мамыр күні Алматы қаласындаөмірге келген. Әл-Фараби атындағы Ұлттық Университетті тарих пәні бойынша 1988жылы бітірген. Еңбек жолын Алматыдағы №170 орта мектепте мұғалім болыпбастаған. Премьер-министрдің көмекшісі, Ауыл шаруашылық министрінің орынбасарысынды қызметтерді атқарған. Үйленген, екі баласы бар. Жұбайы ДинараШАЙЖҮНІСОВА.

Динара МӘРКЕНҚЫЗЫНЫҢ інісі Дален ШАЙЖҮНІСОВ 2018 жылыСенат спикері Дариға НАЗАРБАЕВАНЫҢ қызы Венера РАХАТҚЫЗЫН алған-ды. Екі жастыңтойы Алматыдағы Ritz-Carlton-да үлкен салтанатпен өткен болатын.

Фото: vlast.kz

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз