Кеше, 15:59
Дастан Сәтбаев Қазақстан құрамасындағы алғашқы голын соқты

Қазақстан ұлттық құрамасы 12 наурыз күні 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне дайындық аясында жабық форматта жолдастық матч өткізді.
Ойын Түркияның Анталия қаласында өтті. Қарсылас – Швеция екінші дивизионының үздік командаларының бірі. Қазақстан құрамасы бұл кездесуде 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Сәтбаев ұлттық құрама сапындағы алғашқы голын осы матчта соқты. Сонымен қатар, футболшы Серікжан Мужиков та ел құрамасына бір гол сыйлады.
Ал кездесудің ең үздік ойыншысы ретінде Алияр Мұхамед танылды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алдағы ресми ойындарына Анталиядағы оқу-жаттығу жиыны барысында дайындалуда.