Саясат

Демпартия Қордай оқиғасына байланысты қоғамдық комиссия құратын болды

Демпартия Қордай оқиғасына байланысты қоғамдық комиссияқұратынын мәлімдеді. Ақпанның 10-ы күніАлматыдағы адам құқықтары мен заңдылықты қорғау халықаралық бюросындаДемократиялық партияны ұйымдастыру тобы Масанчи трагедиясына байланы баспасөзмәслихатын өткізді.

Демпартия Қордай оқиғасына байланысты қоғамдық комиссия құратын болды

Жиынға Төлеген Жүкеев, Жанболат Мамай, Ырысбек Тоқтасынжәне Сәуле Әбділдаханқызы қатысты.

Жанболат Мамайдыңсөзінше, Қордайдағы жағдай мемлекеттік органдардың жұмысы өте төмен деңгейдеекендігін көрсеткен. Себебі мынандай үлкен қақтығыстарға алып келген мәселеніңжағдайын, анық-қанығын ҰҚК, полиция, әкімшілік қызметкерлері зерттемеген. Бұлмемлекеттік саясаттың үлкен кемшілігі және бұған ішкі істер министріТұрғымбаев, облыс әкімі Мырзахметов жауап беруі керек, қажет болған жағдайда,отставкаға кетуі тиіс.

«Мынандай үлкен қақтығыстарға алып келетін мәселеніңжағдайын, анық-қанығын ҰҚК, полиция, әкімдік қызметкерлері зерттемеген. Бұлмемлекеттік саясаттың үлкен кемшілігі. Сондықтан бұған ішкі істер министріТұрғымбаев та, облыс әкімі Мырзахметов те жауап беруі керек. Қажет болғанжағдайда, олар отставкаға кетуі тиіс. Өйткені осы жағдайдың болғанына солартікелей жауапты… Бізде «Қазақстан халық ассамблеясы» деген ұйым бар. Оныңжылдық бюджеті 2,7 миллиард теңгеге жетеді. Олардың тоғыз депутаты бар. КешеҚордайда солардың біреуін көрген жоқпыз. Бірде-бір ассамблея мүшесі, парламентдепутаты сол жерге барып, мына қақтығыстың алдын алып, екі тарапты да тыңдап,мәселенің мән-жайын терең зерттеуге ат салысқан жоқ.  Бұндай органның түкке қажеті жоқ. Қазақстанхалық ассамблеясы деген  арбаның бесіншідөңгелегі сияқты орган… Бұл оқиғаға кінәлі билік. Біз бұл оқиғаның салдарынғана айтып жатырмыз. Негізінде бұның себебін қарауымыз қажет. Оның түп-тамыры әлеуметтіктеңсіздік те, жемқорлық та… Қазір үкіметтік комиссия жасақталды. Біз көріпотырмыз, оған мемлекеттік шенеуніктер ғана кіріп отыр. Шаңырақ, Жаңаөзеноқиғалары кезінде де мемлекеттік комиссиялар құрылған. Бірақ олардың обективтішешім шығарғанын көрген жоқпыз. Билік бұны «тұрмыстық жанжал» деп көрсеткісікелсе де, оның артында Қазақстандағы ұлттық саясат мәселесі жатыр. Сондықтан бұныбіз қоғам болып қадағалауымыз керек. Осыған байланысты қоғамдық комиссияқұрылуы қажет. Бұның ақ-қарасын анықтау тек қана құзырлы органдар мен БердібекСапарбаев басқаратын мемлекеттік комиссияның шаруасы емес. Бұл бүкіл халыққақажетті мәселе», — деді Ж. Мамай.

Жанболат Мамайдыңайтуынша, олар қазір халық арасында беделі бар, обективті талдау жүргізе алатыназаматтармен келіссөздер жүргізіп, комиссия құрамына шақыруға байланыстыжұмыстар жүргізіп жатыр. Алдағы уақытта комиссия құрамы бекітілгеннен кейін,Қордайға барып, мәселенің мән-жайын зерттейді, анықтайды.

Журналист,азаматтық белсенді Сәуле Әбділдаханқызының сөзінше, осыған дейін болғаноқиғалардың барлығында үкіметтік комиссия құрылады да, оның арты сиырқұймышақтанып кетеді.

«Бұл бірінші рет емес. Бұған дейін қаншама оқиға болды.Қалай болғанда да, осындай оқиғалар орын алған кезде үкіметтік комиссияқұрылады. Бірақ оның арты сиыр құймышақтанып кетеді. Ол үкіметтік комиссияныңнәтижесі, қорытындысы біреу ғана. Әр кезде осы жердің иесі қазақ кінәлі болыпшығады. Бұл менің ұлтшылдық пікірім емес. Шын мәніндегі жағдай солай. Сондықтанқоғамдық комиссия құрылуы керек. Ол комиссияның құрамына шынайы сараптама,қорытынды жасай алатын, екі жақты қатар тыңдайтын адамдар кіруі тиіс», — дедіС. Әбділдаханқызы.

Оқиға орнына барыпкелген азаматтық белсенді Ырысбек Тоқтасынның айтуынша, Қордайдағы оқиға билікайтқандай тек қана «тұрмыстық жағдайдан» болған жоқ. Бұның артында сол жердегіхалықтың ұзақ жылдардан бері әлеуметтік теңсіздік көріп келе жатқаны тұр.

«Қазір билік бұны «тұрмыстық жағдай» деп айтып жатыр. Менбарып көрдім, сол жердегі халықпен сөйлестім. Жергілікті халықтың сөздерінеқарағанда, бұл тек қана тұрмыстық мәселе емес. Бұған сол жердегі қазақтардыңұзақ жылдардан бері әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздік көріп келе жатқанысебеп. Содан осы мәселе туындап, ушығып кеткен. Қазір «бұны арандатушыларұйымдастырды» деп жатыр ғой. Бірақ шын мәнінде ол олай емес. Бұл қайнап-қайнап,шегіне жетіп, жарылған мәселе. Халықтың ішіндегі ашу-ызасы осындай дүниеге алыпкелді… Бұл мәселеде биліктің бір жақты іс-әрекетке барып жатқаны көрініп тұр.Сол себепті біз тәуелсіз комиссия құрып, осы мәселені зерттеп, зерделеп,кінәлілердің жазаланғанын қадағалауымыз керек», — деді Ы. Тоқтасын.

Қордай ауданында болғанқазақ-дүнген жанжалына байланысты үкімет арнайы комиссия құрған. Оның құрамынавице-премьер Бердібек Сапарбаев бастаған бірқатар шенділер енген. Қазір оларМасанчи оқиғасына байланысты жұмыс істеуде. Мемлекеттік БАҚ таратқан ақпаратбойынша, комиссия мүшелері осы уақытқа дейін жергілікті халықпен кездесіп,мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмысқа білек сыбана кіріскен. Бірақ тәуелсізжурналистер мен азаматтық белсенділер үкіметтік комиссияның жұмысына күмәнменқарайды. Олардың сөзінше, комиссия оқиғаны бір жақты қарауда және бұның арты әділетсізшешім шығаруға алып келуі мүмкін.

Фото автордікі.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз