Саясат

Демпартия: Құрылтай өтпейді, митингіге шығамыз

Демокаратиялықпартия өкілдері құрылтай өтпейтінін мәлімдеді. Бүгін Алматықаласында Төлеген Жүкеев, Жанболат Мамай, Рысбек Тоқтасын, Қадіржан Асқаровбастаған «Демократиялық партияны» ұйымдастырушы топ өкілдері 22 ақпан күніқұрылтай өтпейтінін мәлімдеді.

Демпартия: Құрылтай өтпейді, митингіге шығамыз

Олардың бұндай шешім қабылдауына аймақтардағыпартия өкілдеріне жасалып жатқан қысымдар себеп болған.

Саясаткер ЖанболатМамайдың сөзінше, Демпартия өкілдері 22 ақпанда құрылтай өткізбейді, оныңорнына олар митингіге шығады.

«Қазақстан бойынша біздің жақтастарымызды жаппай қудалапжатыр. Бұндай жағдай бұрын соңды болмаған. Олардың мақсаттары 22 ақпан күніөтетін Демпартия құрылтайына қатыстырмау… Біздің жақтастарымызды қудалапжатқан тұста құрылтай өткізуді жөнсіз деп санаймыз. Неге десеңіз? Бұл биліктіңзаңсыздықтарын мойындаумен пара-пар нәрсе болады. Сондықтан біз 22 ақпан күнісағат 11-де бастамашыл топ өкілдеріне жасалып жатқан қысымдарға қарсы, саяси тұртқындардыбосатуды, шынайы саяси реформалар жүргізуді және Қордай қақтығысын әділтексеруін талап етіп, ескі алаңға митингіге шығуға шешім қабылдадық. БізДемократиялық партия құрылтайын өткізбейміз. Біздің жақтастарымыз жаппай қысымкөріп жатқанда құрылтай өткізу қисынсыз деп санаймыз», — деді Мамай.

Демократиялықпартия өкілдері бұған дейін де аймақтардағы жақтастарының қысым көріп жатқанын,кейбіреулеріне қылмыстық және әкімшілік іс қозғалып, қамауға алынғанын айтқан.Бір қызығы Ішкі істер министрлігі елде болып жатқан жаппай ұстаулар жөніндеестімегенін мәлімдеді.

Бүгін таңертең ішкіістер министрінің орынбасары Марат Қожаев Демократиялық партия құрылтайына баражатқан азаматтардың ұсталып жатқанын естімегенін жеткізді.

«Құрылтайға кетіп бара жатқандарды ұстады дегендісіздерден естіп тұрмын. Менде ондай мәлімет жоқ. Нақты белгілі жағдайлар болса,айтыңыздар. Біз барып тексерейік», — деді Қожаев.

Демократиялықпартия өкілдері 22 желтоқсан күні 1122 адамнан құрылған бастамашыл топты әділетминистрлігі тіркегенін хабарлап, 22 ақпан күні құрылтай өткізетіндерінмәлімдеген.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз