Дональд Трамп Илон Маскке сұхбат беретінін айтты
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп Илон Маскке сұхбат беретінін айтты.
Сұхбат дүйсенбі, 12 тамызда өтеді, деді Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісінде. Ол басқа мәлімет бермеді. Илон Маск Трамптың хабарламасына әлі түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, 13 шілдеде Дональд Трампқа жасалған қастандықтан кейін Илон Маск Трампты «толық» қолдайтынын және оның тезірек сауығып кетуіне үміттенетінін айтты. Кәсіпкер сонымен қатар, Трампты сайлау науқаны кезінде жараланған Америка Құрама Штаттарының 26-шы президентімен салыстыра отырып, Теодор Рузвельт "осындай күшті үміткер болғанын" атап өтті.
Көп ұзамай дереккөздер The Wall Street Journal басылымына Маск Трамптың сайлау науқанын қолдайтын қорға айына 45 миллион доллар аударуды жоспарлағанын айтты.