Сараптама

Еліміздің 11 өңірінде үсік жүріп, жайын-шашын болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің 11 өңірінде күн бұзылады.23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында жел екпіні — секундына 15-20 метр.

Еліміздің 11 өңірінде үсік жүріп, жайын-шашын болады

Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді. Жел қарқыны — секундына 15-20 метр, тіпті 28 метрге дейін жетеді.

Бүгін Ақтөбе облысында желдің күші — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 23 метрге дейін болады. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел қарқыны — секундына 15-20, кей жерлерде 25 метр. 23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы — секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман түседі.

23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метр, тіпті 25 метрге дейін жетеді. Түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік жүреді.

Бүгін Қостанай облысында кей жерлерде тұман түседі, найзағай жарқылдап, дауыл тұрады. Бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 25 метрге дейін.

23 қыркүйекте Қызылорда облысында күшті жел соғады. Қарқыны — секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары. Бүгін сондай-ақ Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі. 23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Жел жылдамдығы — секундына 15-20 метр, екпіні — секундына 28 метрге дейін күшейеді.

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, күн күркіреп, дауыл соғады. Бұршақ жауады, тұман түседі. Жел қарқыны — секундына 15-20 метр, кей жерлерде — секундына 28 метр болады. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтау маңызды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз