Саясат

Еуроодақ Трамптың жоспарын қолдады

Еуропа Одағы АҚШ-тыңТаяу Шығыстағы жағдайды реттеу жоспарын қолдамады. Одақ өкілдері қажет болсаИзраильдің Палестина жерін әрі қарай жаулап алу жоспарына қарсы дау айтатынынжеткізді.

Еуроодақ Трамптың жоспарын қолдады

Президент Дональд Трап Таяу Шығысқа байланысты жоспарын өткенаптада таныстырған.

Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясат жөніндегіжоғарғы өкілі Жозеп Боррель Еуроодақ «Израиль мен тәуелсіз, демократиялық,тұрақты Палестина мемлекетінің қатар өмір сүруіне» қатысты ұстанымын өзгертпейдідеді.

«Америка дауысы» сайтының жазуынша, Трамп ұсынғанжоспарда Палестина мемлекетін құру мәселесі қарастырылса да, палестиналықтардыңқарапайым талаптары ескерілмеген. Ал Израильдің соңғы ондаған жылдар бойы талапетіп келген ұсыныстарының барлығын орындауды көздейді.

Жозеп Боррельдің пікірінше, Израильдің Палестина аумағынаннексиялап алу талпынысы «жауапсыз қалмайды». Боррель бейбітшіліктісақтау үшін палестиндік шекараны бекітіп, Иерусалимнің мәртебесін анықтап алукерек деді.

Палестина автономиясының жетекшісі Махмуд Аббас Трамптың ұсынысын«мән-мағынасыз» жоспар деп сынаған. Парсы шығанағы елдері "үстірт"бастама деп атады.

Брюссельде одақ өкілдері Трамптың 2017 жылғы ИерусалимдіИзраиль астанасы деп тану туралы шешімін сынап, бұл АҚШ-тың бейбіт процестеделдал болу рөліне нұқсан келтіреді деді.

Фото: Azattayq.org

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз