Головкин спорттағы жемқорлықты жою үшін бас прокуратурамен меморандум жасады
Бас прокуратура мен ҰОК арасында дене шынықтыру және спорт саласындағы жемқорлықты болдырмау, қылмыстардың алдын алу мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Бас Прокурор Берік Асылов пен Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қол қойған келісімнің мақсаты – спорт саласында заңдылықтың нығаюы, бюджет қаражатын жымқыруды болдырмау және басқа да қылмыстарға жол бермеу, салауатты өмір салтын насихаттау, әсіресе жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу, делінген хабрламада.
Іс-шара нәтижесінде тараптар белсенді ақпараттық өзара іс-қимылды, бірлескен талдауларды, жобаларды, оның ішінде күштік органдардың қызметкерлері арасында танымал спортшыларды дайындап шығару мақсатында құқық қорғау органдарында спортты кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүргізу туралы келісімге келді.