Live

ХАМАС Еуропада терактілер ұйымдастыруды жоспарлаған

ХАМАС қозғалысы 2025 жылғы 7 қазанға – Израильге жасалған шабуылдың екінші жылдығына орай Еуропадағы еврей және израильдік нысандарға қарсы бірқатар теракт ұйымдастыруды жоспарлаған.

ХАМАС

Бұл туралы BILD басылымы Neue Zürcher Zeitung-ға сілтеме жасап хабарлады.

Тергеу мәліметінше, Германия, Дания, Ұлыбритания, Аустрия, Грекия және Кипрде жүргізілген арнайы операциялар мен ұсталған күдіктілер ұйымның Еуропада кең ауқымды желісі болғанын көрсеткен. Сондай-ақ тергеушілер шабуылдардың біріне дайындықты мойындаған алдын ала жазылған бейнеүндеуді тапқан.

Тергеу барысында күдіктілердің Еуропа аумағында кемінде 13 тапанша, бір Калашников автоматы және 900-ден астам оқ-дәрі тасымалдағаны анықталған. Қару-жарақ жасырылған орындардың бірі Вена қаласынан табылды. Германияда терактілерді дайындауға қатысы бар деп танылған ХАМАС-тың төрт мүшесі түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Тергеушілердің болжамынша, ұйым Еуропада қару қоймаларын 2019 жылдан бастап жасай бастаған.

Германияның бас прокуроры Йенс Роммельдің айтуынша, ХАМАС-тың шетелдегі агенттері, жақтастары және ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланысы бар адамдар Еуропада шабуылдарға дайындалу үшін қару сатып алып, тасымалдаумен айналысқан. Оның сөзінше, олардың көбі Еуропа азаматтығына немесе Шенген аймағында тұруға рұқсатқа ие болғандықтан, еркін жүріп-тұра алады және ауқымды қаржылық мүмкіндіктерге ие.

Сонымен қатар Грекияда израильдік круиздік лайнерге шабуыл жасауға дайындық ісі де тергеліп жатыр. Күдіктінің үйінен химиялық заттар мен жарылғыш құрылғы жасауға арналған материалдар тәркіленген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз