Қоғам

Илон Масктың анасы Алматыға келеді

Илон Масктың анасы Мэй Маск қазан айында Алматыға келеді.

а

Америкалық кәсіпкер және Tesla компаниясын жасаушы Илон Масктың анасы Мэй Маск биылғы жылдың қазан айында BeWoman Орталық Азия әйелдерінің форумына қатысу үшін алғаш рет Алматыға келеді, деп хабарлады шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі.

Қонақ алматылықтарға денсаулық, дұрыс тамақтану, әдемі қартаю, гендерлік теңдік, балаларды жалғыз тәрбиелеу, қиындықтарды жеңу және өзіне деген сенімділік туралы әңгімелейді.

Мэй Маск - екі ғылым магистрі дәрежесі бар тағамтану ғылымдарының докторы. Ол 45 жылдан астам уақыт бойы жеке тамақтану бизнесін жүргізеді және кеңес береді.

Nazym Sapar
Nazym Sapar Nazym Sapar

Оқыңыз