13:17, 04 Желтоқсан 2023
Қарағанды облысында ер адам қате салынған уколдан қайтыс болды
Қарағандыдағы облыстық клиникалық ауруханада дәрігерлер аллергиясы бар науқасқа «ЦЕФ-3» препаратын салған. Салдарынан азамат анафилактикалық шок алып, көз жұмған, деп хабарлайды Zhasalash.kz qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Төрежан Мақашев қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде жұмыс істеген. Оған геморройды алып тастау операциясы жасалуы тиіс болатын. Дәрігерлер науқастың білегіне препараттарға аллергиясы барын білдіретін көк түсті жапсырмасы бар білезік те таққан. Бірақ медбике соған қарамастан ине салған. Марқұмның соңында үш баласы мен әйелі қалды.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, тексеріс жүргізіліп, қателіктер анықталған.