Қатты желдің салдарынан Ақтауда аялдама құлап, бір адам зардап шекті
Полиция автобус аялдамасының құлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Куәгерлер жәбірленушіге медициналық көмек көрсетті. Ақтау полициясы қаланың 1 шағын ауданындағы аялдама павильонының құлағанын растады. "Салдарынан бір адам зардап шекті. Қазіргі уақытта облыстық ауруханаға жеткізілді. Сапасыз құрылыс фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Тергеу жүргізілуде", – деп түсіндірді ведомстводағылар.