Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:39, 07 Қараша 2023

«Қазақстан Ресейдің қорасы емес» – Жұманғарин

Жұманғарин
Фото: из открытых источников

Жуырда Франция президенті Макронның Астанаға сапары қарсаңында Bloomberg агенттігі "Қазақстанды Ресейдің артқы ауласы" деп атаған еді. БАҚ өкілдері вице-премьерден Макронның айтқан сөзіне көзқарасын сұрады.

"Қазақстан ешкімнің қорасы емес. Ешкім артқа қадам жасамайды. Біздің арамызда қора да, үшінші сортты адамдар да жоқ. Бұл – көпжылдық тарихы бар тәуелсіз мемлекет, мәңгілік ел. Мұның бәрі – бос әңгіме", – деді Жұманғарин.


Вице-премьер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болу Қазақстанға тиімді екенін, әрі  Еуразия кеңістігінде Қазақстанның мүддесі бәрінен биік тұратынын атап өтті.

"Еуразия кеңістігінде Қазақстанның мүддесі бәрінен биік тұрады.Қазақстанға бұл несімен жаман? Батысқа жаңа өткізу бекеттері арқылы темір кені шикізаты барады деп келістік. Қазір Ресей балтық маңы порттары арқылы біздің көмірге жеңілдік жасау жағын қарастырады. Ағаш бойынша қосымша төрт өткізу пунктін ашуға, ал болашақта шектеуді мүлдем алып тастауға, навигациялық пломбалар қоюға уағдаластық. Мұның бәрі – біздің күнделікті сауда-экономикалық қызметіміздің мәселелері", – деді вице-премьер.