Live

Қазақстандық азамат Түркияға жұмысқа барып, Грекияда 125 жылға сотталды

Ақтөбе қаласының тұрғыны Нұрхан Қадырова Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен екі жылға жуық уақыттан бері Грекия түрмесінде отырған ұлына көмек көрсетуді сұрады.

Н

«Ақтөбе Таймс» басылымының мәліметінше, 24 жастағы Рашид Қадыров Грекияда 125 жылға бас бостандығынан айырылып, ірі көлемде айыппұл төлеуге сотталған.

Анасының айтуынша, ұлы Instagram желісінен Түркияда жұмыс туралы хабарландыру көрген. Оған әуе билеті төленіп, моторлы қайықпен туристерді серуендету жұмысы ұсынылған.

Алайда кейін белгілі болғандай, Рашид заңсыз мигранттарды Грекияға тасымалдауға тартылған. Сол жерде ол ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Нұрхан Қадырова ұлының мигранттарды тасымалдауды ұйымдастырмағанын, қайықтың иесі болмағанын және барлық әрекетті үйлестірушінің нұсқауымен орындағанын айтады. Оның пікірінше, ұлы қылмыстық топтың құрбаны болған.

Сондай-ақ, анасының сөзінше, сот процесі кезінде Рашидке аудармашы берілмеген. Соның салдарынан ол мазмұнын түсінбеген құжаттарға қол қойған. Тағайындалған айыппұлдың көлемі теңгеге шаққанда шамамен 1 миллиард теңгені құрайды.

Қазір отбасы онымен сирек байланысады және азық-түлік пен жеке гигиена заттарын сатып алуы үшін ақша жіберіп тұрады. Анасының айтуынша, Рашид екінші сот отырысын күтіп отыр.

«Ақтөбе Таймс» редакциясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне бұл іс жөнінде ведомствоның хабардар екені, консулдық көмек көрсетілген-көрсетілмегені және сотталған азаматты Қазақстанға беру мүмкіндігі туралы сауал жолдаған. Әзірге ресми жауап жарияланған жоқ.

Бұған дейін Ресейде жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен Челябі тұрғыны Андрей Кайзердің де Грекия түрмесінен табылғаны хабарланған болатын. Оның жақындарының айтуынша, ол да 125 жылға бас бостандығынан айырылғанын мәлімдеген.

Тегтер: Түркия
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз