Live

Қырғызстан мен Өзбекстан шекара мәселесін шешіп, ауылдармен алмасты

Қырғызстан мен Өзбекстан шекаралық ауылдармен алмасу процесін аяқтады. Бұл туралы Қырғыз Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагозов мәлімдеді.

1

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қырғызстан құрамына Өзбекстанның Ферғана облысына қарасты болған Чонгара және Таш-Тобо ауылдары өткен. Ал өз кезегінде Қырғызстан да шекара маңындағы аумақтардан Өзбекстанға тең көлемдегі жер телімдерін берген.

Аталған ауылдарда шамамен 2 500 адам тұрады. Билік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі этникалық қырғыздар. Сондықтан аумақтардың ауысуына байланысты олар алдағы уақытта Қырғызстан азаматтығын алады.

Сонымен қатар тараптар жалпы аумағы 236 гектар болатын жер телімдерімен алмасқан. Бұл аумақтар Сай және Таян елді мекендері арасындағы стратегиялық маңызы бар жаңа автожол салуға пайдаланылмақ.

Жаңа жол Баткен облысындағы көлік қатынасын айтарлықтай жеңілдетеді. Оның арқасында Айдаркен мен Баткен қалалары арасындағы қашықтық 225 шақырымнан 55 шақырымға дейін қысқарады.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз