Конституциялық өзгерістер өкілеттікті ұзарту емес
Ресей президентіВладимир Путин Конституцияға өзгертулерді өзінің өкілеттігін ұзарту үшіненгізбегенін мәлімдеді.
Бұл жөнінде Meduza басылымКы хабарлады.
Ресей мемлекетбасшысының сөзінше, Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар заманталабы. Оның өкілеттік мерзімін ұзарту деп қарауға келмейді.
«Мен ұсынған өзгерістер заман талабы деп ойлаймын.Президент және үкімет төрағасы болып қызмет істеген уақытта кейбір дүниелердіңдұрыс жұмыс істемейтініне көзім жетті. Сол себепті мен осындай ұсыныс жасадым. Бұлөкілеттік мерзімімді ұзарту емес», — деді Путин.
Қаңтардың 15-і күніВладимир Путин конституциялық реформалар өткізу керектігін айтқан. Атапайтқанда, президенттікке үміткер кандидаттарға қойылатын талаптарды күшейтуді, мемлекеттіккеңес рөлін күшейтуді ұсынды. Қаңтардың 23-інде Мемлекеттік Дума Конституцияғаөзгертулер енгізу заңын бірінші оқылымда бір ауыздан қабылдады.
«FinancialTimes», «LeMondе»сияқты батыс елдерінің басылымдары «Владимир Путин Конституцияға өзгерістер енгізу арқылыҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жолын таңдады. Ол болашақта елдіМемлекеттік кеңестің төрағасы ретінде басқармақ» деген болжамдар айтты.
Фото: РБК.