Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:34, 31 Қазан 2023

Месси «Алтын доп» жүлдесін сегізінші рет жеңіп алды

св
Фото: из открытых источников

Месси ең көп жүлде алған футболшы ретінде рекорд орнатты

Париждегі Chatelet театрында France Football журналы күнтізбелік жылдың ең үздік футболшысына беретін «Алтын допты» табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Лионель Месси бұл сыйлықты сегізінші рет жеңіп алды. Өткен маусымда қазір «Интер Майамиде» өнер көрсететін Месси 53 матчқа қатысып, 32 гол соғып, 25 нәтижелі пас берді. Футболшы Аргентина құрамасы сапында да әлем чемпионы атанды.

Еске салайық, шетелдік БАҚ құрметті марапатқа үш негізгі үміткерді анықтады: Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина), Эрлинг Хоаланд («Манчестер Сити», Норвегия) және Килиан Мбаппе («ПСЖ», Франция).

Сондай-ақ үздік ондыққа Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити», Бельгия), Родри («Манчестер Сити», Испания), Джулиан Альварес («Манчестер Сити», Аргентина), Илкай Гюндоган («Манчестер Сити»/Барселона, Германия), Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия), Роберт Левандовский (Барселона, Польша) және Виктор Осимхен (Наполи, Нигерия) кірді.