Саясат

Лондон қылмыстық жолмен байығандарға қарсы. Қазақтар қайтер екен?

Бірер жылбұрын қылмыстық жолмен келген табысты үй-мүлік сатып алу арқылы заңдастыруға қарсы жаңа әдіс - 50 мың фунт-стерлингтен астам активтері бар адамның мүлікті адал ақшаға сатылып алынғанындәлелдеуге міндеттейтін ордерді енгізген.

Лондон қылмыстық жолмен байығандарға қарсы. Қазақтар қайтер екен?

Лондонның Жоғарғы соты Гаджиевағақарсы шығарған үкімінен кейін, бұл тәсілді кеңінен қолдануға мүмкіндік ашылды.  Өйткені, жаңа науқанның алғашқы ордері, күйеуіотанында ірі көлемде ақша жымқырғаны үшін сотталған, дәл осы Замира Гаджиевағатапсырылған болатын. Бұған дейін банкирдің жұбайы екі рет аппеляциялық соттажеңіліс тапқан да. Енді бұл істің нүктесі қойылды. Енді Гаджиева жеті күнніңішінде өзінің асқан байлығының қайдан келгенін түсіндіретін дәйектерін келтіруітиіс. Ондай деректер табылып жатса,  NCAоның есеп-шотын 60 күн ішінде тексеріп шығып, істі жабу немесе банкир жұбайыныңдүние-мүлкін тәркілеу туралы шешімге келеді.

Гаджиевағабұл ордерді құқық органдары 2018 жылдың ақпан айында берген болатын. Енді осындайтағы да үш іс сотта қаралады. Сотқа тартылмақшы адамдардың аты-жөнін әлі дежарияламаса да, ертеректе NCA өкілдері олардың Африка, Оңтүстік Азия мен Ресейазаматтары екенін айтқан еді. NCA жетекшілерінің бірі Сара Питчард осы сот ісіарқылы прецедент, яғни, бөтен елден келген жемқорларға қарсы күресте үлгіболатын мүмкіндік туды деп санайды. Дегенмен де, дүние-мүлкі «кәмпескеленгенмен»,оның иесіне ештеңе де болмайды, оны қылмыстық іске тартпайды.

Былтыр BusinessInsider сайтында Лондондағы «миллиардерлер көшесінде» орналасқан Нұрсұлтан Назарбаевтыңзәулім үйі туралы мақала жарық көрген болатын.  Кезінде Бишопс-авенюде түрік бизнесмені ХалисТопрак  салғызған салтанатты үй Лондонрыногінде 75 миллион доллар шамасында бағаланған екен. Бұл үйді кім сатыпалғаны туралы ұзақ уақыт бойы құпия болып келген. Ал, 2008 жылы ҚазақстанныңҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, кәзір Венада тұрып жатқан Әлнұр Мұсаев  London Times-ке берген сұхбатында бұл үй, шынмәнінде, Н. Назарбаевтың меншігі деген болатын.

Назарбаевтаротбасының ағылшын еліндегі жылжымайтын мүлік рыногіне қатысты аттары аракідікаталып қалады. Бұл елдегі үкіметтік емес Global Witness ұйымы тексерекеле Дариға Назарбаева мен ұлы Нұрәлі Әлиев әйгілі Шерлок Холмстың музей-үйінсатып алғанын анықтады. Құны – 183 миллион доллар. Бейкер стрит 21Б – Артур Конан Дойльдің аңызы асқан кейіпкерінің жазушы суреттегендей қылып, қайта салынып шыққан үйі. Аумағы200 шаршы метрден астам төрт қабатты ғимарат сәулет өнерінің мұрасы, тарихиқұндылық ретінде король тізіміне енген. Қожайындары (Д. Назарбаева мен Н. Әлиев)әрбір келушіден 15 фунт пайда көріп отырады екен.

2007 жылы Daily TelegraphТимур Құлыбаевтың король шаңырағының мүшесі ханзада Эндрюдің үйін 15 миллионфунт стерлингке сатып алғаны туралы жазған еді. Басылым Құлыбаевтың үйдің нарықтағықұнынан 25 процентке артық төлегенін де атап өткен болатын.  

Фото: Ашық ақпарат көздерінен 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз