Мәнізоров қызметінен кетті.
Амандық Баталовтың атышулы орынбасары қызметінен өз еркімен кетті. Облыс әкімі онымен қоштаса тұрып, «жұмыс барысында тек кәсіби ерекшелігімен және қолынан іс келетін басшы» ретінде көзге түскенін, Арыс қаласын қалпына келтіру барысында атқарған орасан зор еңбегін, облысты газбен қамту жұмысын жақсы жүргізгенін атап өтті дейді бұл ақпаратты таратқан облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бағдат Мәнізоров бұл қызметке 2019-шы жылы келгенболатын. Ол, әкімнің орынбасары санатында, облыстың тұрғын-үй комуналды шаруашылығына, туризммен кәсіпкерлік саласына жауапты болды.
Былтыр қыркүйек айында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мәнізоровтың қамауғаалынғаны туралы мәлімдеген болатын. Оған ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 4 бөлімі, 2 тармағы бойынша (Қызметін пайдалана отырып, аса ірі көлемдегі алаяқтығы үшін) айыптағылған. Бірақ 28-ші қазан күні Бас прокуратура Мәнізоров ісінде "қылмыстық құрам жоқ" деп мәлімдеп, істі тоқтатқан. Жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігі қарсы шағым түсірмекші болғанымен, Бас прокуратура оны қабылдамай тастаған.
ФОТО ашық ақпарат көздерінен