Саясат

Министр Дәурен Абаев Түркістан сотында жеңіліп қалды

«Азаттық радиосы» тартқан ақпаратқа қарағанда, Түркістаноблыстық соты ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың аудандықсоттың шешіміне қарсы апелляциялық шағымын қанағаттандырмай тастаған.

Министр Дәурен Абаев Түркістан сотында жеңіліп қалды

Министр былтыр Қазығұрт ауданының тұрғыны ЗульфияТөребекованы жала жапқаны үшін сотқа беріп, аудандық сот облыс тұрғынын ақтапшыққан болатын.

Д. Абаевтың сотқа шағымдануына себеп болған,  2019 жылдың қаңтар айында,  З. Төребекованың  Фейсбук парақшасында «ақпарат және қоғамдықдаму министрі Дәурен Абаев — коррупционер» деген жазбасы. Сол жылдың жазмерзімінде Д. Абаев өзінің ар-ожданы тапталғанын, әлеуметтік желідегі жазбаныңеш негізсіз екенін, мазмұны шындыққа жанаспайтынын айтып,  сотқа шағым түсіреді. Былтыр 13 тамыз күні бұлісті қарастырған Қазығұрт аудандық соты Төребекованы жала жапқан жоқ деп тауып,министрдің шағымын қанағаттандырмай тастайды. Оның өкілдері берген апелляциялықшағым да алдыңғысының кебін киді.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз