Саясат

Мұхтарды босата ма?

Мұхтар Жәкішев өзін кесілген мерзімнен бұрын босатуды сұрап үшінші рет өтінішхатжазды.

Мұхтарды босата ма?

Бұл туралы оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев өзінің Facebook   парақшасындажариялады. Адвокаттың мәліметінше, Жәкішевөтініш хатты ақпан айының 6-ы күні жіберген.

Мұхтар Жәкішевтің өтініш хаты, 3-ші наурызға белгіленген,  сотта қарастырлатын болады. 2019-шы жылдың24-ші шілдесінде Мұхтардың өзін мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхатынқарастырған Өскемен қаласының соты Ермек Шымыров оның өтінішін қанағаттындырмайтастаған.  10 қыркүйек күні  «ҚазАтомпром»-ның бұрынғы басқарма төрағасыныңаппеляциялық өтінішін  Шығыс Қазақстан облыстық соты аяқсызқалдырған. Судья Құрманов адвокат Н.Бейсекеев алға тартқан  Жәкішевтің ауыр халі, денсаулығының өте әлсіздігі туралы дәрігерлер қорытындысын да  ескермегенболатын.

2009-шы жылдың мамыр айында қамауға алынған М. Жәкішев он жылдан астамуақытын түрмеде өткізіп келеді. Оны коррупциялық қылмысқа қатысты деп айыптап,14 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Қоғам оны саяси тұтқын деп танып,адам құқын қорғаушылар оны босату жөніндегі талаптарын билікке бірнеше ретқойған да еді. Республиканың жер-жерінде Мұқтарға бостандық беруді талап еткенпикеттер де болып өтті.   Халықаралық Freedom House ұйымы да оныңтүрмеден босап шығуын қолдаған. Ал, адам құқы жөніндегі Қазақстанныңхалықаралық бюросы Жәкішев ісінде саяси іліктер бар екенін мәлімдеп, президентҚ. Тоқаевты БҰҰ адам құқылары жөніндегі Комитетінің 2015-шы жылғы 9-шыжелтоқсанда қабылдаған шешімдерін орындауға шақырып хат жазған да болатын.

ФОТО ашық ақпарат көздерінен

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз