Әлеумет

Николас Мадуро мен әйелі АҚШ-тағы айыптарды алып тастауды талап етті

Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флорес Манхэттендегі федералдық сотқа халықаралық есірткі саудасына қатысты тағылған барлық айыпты алып тастауды сұрап өтініш берді.

Мадуро

Қорғаушылар АҚШ сотының шет мемлекеттің бұрынғы басшысын соттауға құқығы жоқ деп санайды.

Ерлі-зайыпты 2026 жылдың қаңтарынан бері Бруклиндегі түрмеде отыр. АҚШ арнайы қызметтері оларды Каракаста жүргізілген түнгі операция кезінде елден алып кеткен. Мадуро өзін «әскери тұтқын», ал болған оқиғаны «ұрлау» деп атап жүр.

Адвокаттардың айтуынша, мемлекет басшылары мен бірінші ханымдар шетелдік соттардың қудалауынан толық иммунитетке ие. Олардың пікірінше, Мадуроны тек Венесуэла соты соттай алады. Қорғаушылар АҚШ-қа бірнеше тонна кокаин контрабандалауға бағытталған астыртын әрекет туралы айыптаулар қолдан жасалғанын мәлімдеді. Мадуро өзіне тағылған барлық айыпты үзілді-кесілді жоққа шығарады.

 Егер алқабилер 63 жастағы Мадуро мен 69 жастағы Флоресті кінәлі деп таныса, оларға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы ықтимал.

Судья Элвин Хеллерстайн қорғаушылардың өтініші бойынша ауызша тыңдауды 17 қарашаға белгіледі. Ал іс бойынша негізгі сот процесі 2027 жылғы 1 маусымда басталады деп жоспарланған.

АҚШ прокуратурасы адвокаттардың уәждеріне қатысты қарсылығын алдағы бірнеше апта ішінде ұсынатынын мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз