Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:47, 18 Наурыз 2024

Путинді кім бірінші құттықтады?

сайлау
Фото: из открытых источников

Путинді сайлаудағы жеңісімен бірінші болып Латын Америкасының бірқатар елдері мен Солтүстік Корея басшысы құттықтады.

Ал, Посткеңестік елдер арасынан Путинге бірінші болып Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон құттықтау хатын жіберген. 

«Соңғы дауыс берудің нәтижелері Сіздің жоғары саяси беделіңіздің және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және оның халықаралық ұстанымдарын нығайту жөніндегі Сіздің мемлекеттік бағытыңызды ресейлік қоғам тарапынан кең қолдаудың тағы бір айқын дәлелі», - делінген Рахмонның жеделхатында.

Рахмон Путинге зор денсаулық және жоспарларын жүзеге асыруда жаңа зор табыстар тіледі.

Ал, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Ресейдегі Солтүстік Корея елшілігі арқылы Путинге құттықтауын жеткізді, деп хабарлайды Кореяның орталық ақпарат агенттігі (KCNA). Алайда, хабарламаның мазмұны туралы ештеңе айтылмаған.

Айта кетейік, Ресей президентінің сайлауы үш күн бойы, яғни 15-17 наурыз аралығында өтті. Хаттамалардың 99,69 пайызын өңдеу қорытындысы бойынша Владимир Путин 87,31 пайыз дауысқа ие болды. Одан кейінгі орындарда РФ Коммунистік партиясынан кандидат Николай Харитонов (4,3%), «Жаңа халық» партиясының өкілі Владислав Даванков (3,83%) және ЛДПР жетекшісі Леонид Слуцкий (3,21%) дауыс алған.

Фото: Гавриил Григоров / ТАСС