Қазақстанда қос билік жоқ
Ресейдегі билік трансформациясы мен оның Қазақстанменбайланысы. Елде қалыптасқан қос билік туралы және өзге де өзекті саясимәселелерге байланысты белгілі публицист, қоғам қайраткері Сергей ДУВАНОВПЕН сұхбаттастық.
Қазір барлығы Путиннің Ресей ФедерациясыныңКонституциясына өзгертулер енгізу жоспарын талқылауда. Сіз бұл мәселедеҚазақстанда болып жатқан жағдайлармен байланыс бар деп ойламайсыз ба?
Әрине, мен олмәселеге біздегі жағдай тұрғысынан қараймын. Менің ойымша, Путиннің«парламенттік басқару жүйесіне» шұғыл бет бұруы оның Назарбаев жолымен жүругебет бұрғанын байқатады. Сол себепті Назарбаев пен Путиннің іс-әрекетінен ортақтенденцияны, бүгінгі авторитарлық көшбасшыларға тән шарасыздықты байқаймын.
Көрші ел басшысы мұндайға нақты не үшін барды? Оларға өзқолындағы билікті шектеп, парламент немесе Дума депутаттарына бөліп берудіңқандай қажеттілігі бар?
Президенттікбилікте үздіксіз отыру, ол биліктен кетпеу ешкімге де абырой әпермейді. Ешкім карикатуралықКим Чен Ын сияқты болғысы келмейді. Сол себепті диктатор болып көрінгіңкелмесе, билікті сақтап қалудың жаңа формасын ізде. Осылайша қу автократтарөздерінің билікке құмарлығын саяси жүйені трансформациялау арқылы баспақ.
Бұл трансформация неден байқалады?
Қазақстанда бұлНазарбаевтың жаңа президент пен елдегі жағдайды бақылауында ұстай отырып, оллауазымнан кетіп, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасы болуы. Қазір қос билікке ұқсайтынжүйе қалыптасты. Бірақ ол шын мәнінде олай емес. Десе де, оны институт ретіндебекіту жүріп жатқан сияқты. Менің ойымша, бүгінгі таңда билік иерархиясындапрезиденттің рөлін азайтып, парламентті күшейтуге дайындық басталды. Егер бұлжүзеге асатын болса, парламентте кімнің орыны көп, сол елді басқаратын болады.Ал басымдық «Нұр Отан» партиясында. Яғни елді тағы да Назарбаев басқарады.Себебі ол партияның сөзсіз көшбасшысы.
Осылай болсын делік. Бірақ Назарбаевқа ертең парламенткеоның бағытымен келіспейтін депутаттар өтіп кету қауіпі бар жүйе құрудың қандайқажеттілігі бар? Өткен сайлауда билікке қарсы халықтың қарасы көп екенінбайқадық. Алдағы сайлауда оның деңгейі бұдан да жоғары болуы мүмкін бе?
Иә, бірақ парламентсайлауы президент сайлауынан өзгеше. Парламент сайлауына қатысу үшін партиякерек. Бірақ қазір елде оппозициялық үміткерлерді ұсынатын партия жоқ.Назарбаевтың партиясымен бірге жұмыс істейтіндер ғана бар. Бұл өзгелердіңпарламентке өтіп кетуіне қойылған негізгі кедергі. Орталық сайлау комиссиясы түріндегітағы бір кедергі бар. Олар қандай жағдай болса да билікке қарсы үміткерлердіөткізбейді. Бұл жүйе өткен сайлауларда тексеріліп, жұмыс істейтінін көрсеткен.
Парламенттік басқару жүйесіне өтуде Ақордаға ешқандайқауіп жоқ деп есептейсіз бе?
Қандай жағдай болсада қауіп сақталады және ол уақыт өткен сайын үдейді. Біз қазір сізбен Назарбаевсол қауіптерді азайту үшін билік жүйесін өзгерту арқылы не істегенін айтыпотырмыз. Қауіптің екі түрі бар. Біріншісі – оппозиция және халық наразылығы.Екіншісі – Назарбаевтың төңірегінде топтасқандар. Оппозициялық партияларғатыйым салады және сайлау жәшіктерін бақылауда ұстайды, билік қарсыластарынпарламентке жібермейді. Бұл бірінші қауіптің алдын алу. Екіншісі — күштікқұрылымдарды уысынан шығармау арқылы «жаңа ойын» бастағысы келетіндергетосқауыл қою. Қазақ авторитаризмінің патриархы барған Қауіпсіздік Кеңесіне биліккездейсоқ берілген жоқ. Бірақ бұл жерде екінші мәселе туындайды. Егер парламентбиліктің көп бөлігін өзіне алса, бұны қазіргі кландар мен топтар қарабастарының қамына пайдалануы мүмкін. Бұл қазіргідей тәртіпті, мақұлдағышпарламент болмайды. Ондай жағдайда олигархтар мен үлкен саяси ойыншыларпарламентке өз үміткерлерін тықпалайды. Олар «Нұр Отанның» мүшесі болса да, өзқожайындарының күйін күйттейді. Ол парламент «өрмекші толған банкадай» болады.Бұл кландар арасындағы қақтығысқа және бір-бірінің артын ашуға алып келеді. Алол өз кезегінде биліктің беделін одан ары түсіріп, жек көрініштілікті өршітеді.Сондықтан, диктаторлар қанша жерден билікті сақтап, қулыққа барса да оныңекінші ұшы бәрібір өздеріне қауіп болып тұрады.
Сіз тағы бір қауіп – Грузия, Украина және Армениядағысияқты жалпы халықтық қарсылық жөнінде айтпадыңыз. Жоқ әлде сіз бұны жоққашығарасыз ба?
Әрине жоқ! Бұлбөлек тақырып. Менің ойымша, Ақорданың бұл қауіпке қарсы қоятын ешнәрсесі жоқ.Біздің жағдайда бұл дауыл, сел, су тасқыны сияқты. Ақылды басшы дауылғадайындалып, селдің алдын алып, су тасқынын болдырмауға тырысады. Бірақ Қазақстанбилігі бұлай жасамайды. Ақорда да, «кітапхана» да ондай жағдайға дайын емес,тек қорқыныштың итермелеуімен күшке сеніп, «өртсөндіруші» рөлінде жүргеніс-әрекетті біледі.
Қос билік жөнінде не айтасыз?
Қос билік күшінжойды. Мен оның болғанын қалайтындарды түсінемін. Бұл қазіргі оқиғаныңөрбуіндегі ең жаман нұсқа емес. Бірақ өкінішке орай, барлығы қулық пеншиеленіске толы болып шықты. Мен биліктің Назарбаевтың қолында қалатынынасенімдімін. Ол елді билік партиясының көшбасшысы ретінде басқаратын болады.Бұнымен қатар, ол Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде бақылаушының рөлінатқарады. Енді ол бұны екі жақтан істейтін болады. Жеке және саяси бағыт солкүйінде қалады. Билікті ол ешкімге бермейді. Бұл анық. Сондықтан, біздіңжағдайда қос билік туралы еш әңгіме жоқ. Билік жалғыз Назарбаевтың қолында.
Логика көріп тұрған жоқпын. Онда мына биліктрансформациясының қажеті не? Сіздің сөзіңізше, барлығы өз орнында қалады. Олайболса, Қауіпсіздік Кеңесі, жаңа президент, парламент, билік тармақтарын бөлужөнінде айтудың керегі не?
Олай емес. Саясиландшафт өзгереді. Біріншіден, президенттің рөліөзгереді. Ол номиналды қызмет иесіне айналады. Бұл рөл Тоқаевқа дәл келеді. Бізбұны қазір көріп отырмыз. Екіншіден, парламент өзгереді. Оның сайлауы бәсекемен күтпеген жағдайларға толы болады. Маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдаумен жауапкершілік мекен-жайы өзгереді. Соңғы сөзді елбасы айтатын болса да,шешім қабылдауға қатысатындар саны көбейеді. Қауіпсіздік Кеңесі, парламент,үкімет, президент, «Нұр Отан» (олардың барлығы әртүрлі көзқарас пен мақсаттағыадамдар). Барлығы шешім қабылдауға ықпал етеді. Халық түсінігіндегі биліктіңбағыт-бағдары жоғалады. Барлығына жауап беретін бұрынғы президенттің орнына шешімқабылдайтын басшылардың саны артады, ал бұл біршама деңгейде билік ішіндетүсінбестік туғызады. Кімнің, неге жауап беретіні белгісіз болады. Назарбаевқадеген қарым-қатынас та өзгереді. Оны билікке жабысып алған диктатор деп ешкімқабылдамайды. Ол енді басқарушы болса да, жәй ғана партияның көшбасшысы болады.Оған не деп талап қояды? Иә барлығы жүзеге асқан жоқ, иә репрессиялар болды, иәшкаф ішінде құпия-сырлар бар. Бірақ оның барлығы артта қалған. Көпшілік текосындай ойда қалады. Ал елде адам құқықтарының бұзылуы, оппозицияның қудалануы,сөз бостандығы сияқты шешімін таппаған мәселелердің оған тікелей қатысыболмайды. Ол үшін жауаптылар санын арттырады. Былай қарағанда, өзіне ғанатіреліп тұрған жауапкершілікті жеңілдетті. Президент, премьер-министр,парламент және мемлекет басшысы тағайындайтын сот бар. Барлығы бір қарағанда демократиялықелдегідей үлгіде. Яғни, демократия «фасады» бар. Билік трансформациясы кезіндедемократия жөнінде ешкім ойламайды да.
Ресейді де осындай сценарий күтіп тұр деп есептейсіз бе?
Формасы бойыншаөзгешеліктер болады. Іс жүзіндегі алгоритмі дәл сондай. Путин президентмандатының конституциялық мүмкіндіктерінің барлығын тауысты. Президенткреслосында қалу — Ким Чен Ын болу деген сөз. Бұл Путинге де қолайсыз. Ол тарихта билікті басып алушыболғысы келмейді. Осы себепті, Путин осындай қадамға барды. Барлығын алдапкеткісі келеді. Бірақ, түбінде, бұл оның қолынан келмейді. Басқаның да қолынанкелмейді.
Әңгімеңізге рахмет!
Фото: azattyq.org
Сұхбаттасқан Абзал Тілеужан