Қазақстаннан шығарылған миллиондарды кімдер іздейді?
Бұл топтың ішінде Қазақстаннан ұрланған қаржыныіздестіретін де бөлім болатыны анық.
Белгілі саясаткер Сергей Дуванов өзінің «YouTube» арнасында жасаған мәлімдемесінде "Қазақстанолигархтары мен саясаткерлері де бұл қауіптің алдын алуға қамдана бастағаны" туралы жариялады.
«Қазақстан олигархтары менсаясаткерлерінің түйсігі барлары БҰҰ жанынан ашылып жатқан жаңа құрылымныңөздеріне қаншалықты қауіп төндіретінін түсініп, тәуекелдерін барынша азайтуқамына кіріскен сыңайлы. Олардың ойлап тапқан ең ұтымды әдісі – ол жаққа, іздестіру жұмыстарын, мүмкіндігінше,елдің жоғарғы билігіндегі тұлғалар ұрынып қалмайтындай етіп атқаратын өз адамдарын жіберу екен» дейді саясаткер.
Билік тарапынан бұл мәселегеқатысты алғашқы қадамды, арнайы топтың қатарына өз өкілдерін аттандыруға дайынекендерін мәлімдеген, «Ақжол» партиясы. Бұл партияның артында кімдердің тұрғаны да, ұрланған миллиондарды іздестіругекімдерді жібермекші екені де белгілі дейді, Сергей Дуванов. Оның ойынша: «Ақжол»партиясының саяси тұрғыда НұрОтанның клоны екенін түсінеміз. Сондықтан да,коррупциялық жолмен табылған ақшаны іздейтін топқа Машкевичтің «Евразиялық»тобымен еншілес партияның өкілдерін жіберу деген, олардың жемқорларды ішінараіздейтінін білдіреді: а) бірінші кезекте Машкевичтің қарсыластарының ақшасыніздейді; ә) одан кейін, Ақордаға жақпайтындардың ақшасын; б) ешкім де биіктегі басшылықтың ақшасын іздемейді; г) әрине, БҰҰ-на «миллиондарды іздеуге» өзадамдарын жібергендердің ақшасы туралы ешкім де ешқашан да білмейтін болады. Меніңойымша, «евразиялықтардың» соңын алып, бұл топтың жұмысынан қауіп күтетін, басқа да ықпалды топтар мен кландар өзадамдарын тықпалай бастайды».
С. Дувановтың мұндайсеніміне себеп – «БҰҰ мемлекеттікоргандармен ғана жұмыс істейтіндіктен, елден баратын кандидаттарды, қайткенкүнде де, ел басшылығымен келісіп барып таңдайды. Былайша айтсақ, бұл топқа біздің елден қосылатынөкілдерді чиновниктер тағайындайтын болады. БҰҰ болса, айтарлықтай бюрократиялыққұрылым, біздің пысықтардың қитұрқы тәсілдерін түсінбей де қалуы мүмкін». Яғни,ұрланған миллиондарды «Мәкеңдер» мен «Сәкеңдердің» адамдары іздейтін болады. Демек, жақын арада, бұл топқа өз адамдарыненгізу үшін туындаған мүдделер айқасын тамашалап қалуымыз да мүмкін.
Фото: Ашық ақпарат көздерінен.