Саясат

Қордай ауданында болған жанжал неден шықты?

Ақпанның 7-і күніәлеуметтік желілерде түрлі видеолар тарады. Онда Қордай ауданының Масанчиауылында тұратын дүнгендер деп көрсетілген бірнеше адам полицияқызметкерлерімен ерегесіп, кейбіреуі тәртіп сақшыларын жерге жығып,балағаттауда.

Қордай ауданында болған жанжал неден шықты?

Кейіннен көршілес ауылдардағы жергілікті қазақтардың Масанчиауылына барғандығы бейнеленген видеолар «Whats App», «Facebook» желілері арқылытарады.

ПрезидентҚасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы қоғамдық тәртіпті бұзғандар жазаланатынайтты. Ол өзінің Twitter парақшасына:

«Жамбылоблысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оныарандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өзбақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершіліккетартылады», — деп жазды.

Жергілікті полициядерегінше, “тұрғындардың біріполицейлердің тоқта деген талабын орындамай, үйіне кіріп кеткен. Кейінжүргізушінің туысқандары полицияға қарсылық білдіріп, жарақаттаған”.Департамент бұл оқиға бойынша екі адамның ұсталғанын, олардың үстінен “Билікөкілдеріне күш қолдану” бабы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

Бейресми ақпарат бойынша, Масанчи ауылының тұрғындары,этникалық дүнгендер 80 жастағы қария мен оның екі ұлын соққыға жыққан.Салдарынан ақсақалдың бел омыртқасы сынған. Осыдан кейін қазақтар мен дүнгендерарасында жанжал болған.

Фото: Ашық ақпарат көздерінен.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз