Саясат

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ: Қақтығысқа билік кінәлі ме?

Жамбыл облысы Қордайауданына қарасты Масаншы, Сортөбе, Қарасу секілді бірнеше елді мекендежергілікті тұрғындар арасындағы қақтығыстан 10 адам қаза тауып, 36 үй, 11коммерциялық нысан, 44 автокөлік өртенген.

ҚОРДАЙ ОҚИҒАСЫ: Қақтығысқа билік кінәлі ме?

170-тей адам емханаға қаралса, 44адам әлі ем алуда. Ақпарат көздері 4500-ге жуық ел тұрғындары Қырғызстанғабосып өткенін хабарлады. Олардың кейбірі Қазақстанға кері орала бастаған. Қазірауылда үкіметтік комиссия  жұмыс істепжатыр. Олар өртенген үйлердің қалпына келтірілетінін, жанжалға жауаптыадамдардың жауапқа тартылатынын уәде етті.

ҚАҚТЫҒЫС НЕДЕН БАСТАЛДЫ?

Оқиғаның мән-жайыақпарат көздерінде жиі айтылды. Жергілікті ауыл тұрғындары дүнген этносы өкілдеріменбұған дейін де бірнеше мәрте қақтығыс болғанын, бірақ соның көбі «бармақ басты,көз қыстымен» жабылғанын жеткізуде. Осы жолы 80 жастағы қария мен оның екі ұлынсоққыға жыққаны айтылды. Оқиғаның тұтануына негізгі себеп сол деген болжамбар.  Ақпарат және коммуникацияларминистрі Дәурен Абаев бұл нұсқаның да қарастырылып жатқанын, алда әлі де түбегейлізерттеу жүретінін жеткізді.

ТЕК ҚАНА «ӘЛЕУМЕТТІК КИКІЛЖІҢ» БЕ?

Елімізде мұндайоқиғалар жыл аралатып бұған дейін де талай мәрте болды. Соның бәрін билік өкілдері«этносаралық қақтығыс емес, әлеуметтік кикілжің» деумен жылы жабуға тырысты. Әрине,бұрынғы ұйғырлар мен қазақтар, шешендер мен қазақтар, түріктер мен қазақтар, өзбектермен қазақтар т.б. оқиғаларға назар салсаңыз, көбінесе мемлекетті құраушы ұлттыңөзге халықтармен қақтығысы негізінен әлеуметтік теңсіздіктен туындайтынын білу қиынемес. Бұған басты себеп ретінде өзге ұлт өкілдері жиі шоғырланған ауылдарда қазақтардың  әлеуметтік жағдайы өзімен ауылдас өзге ұлттардантөмен екенін және кез келген этносаралық кикілжіңді шешуде жергілікті биліктіңбұра тартып, әділ тергеу жүргізбейтінін, қылмыскерлердің тиісті жазасыналмайтынын айтушылар көп. Сарапшылар талай жылдан бері «ынтымағы жарасқан» елдің«көркем моделіне» нұқсан келтірмеу үшін биліктегілер үнемі қазақтарды кінәліетуді үйренгенін, соның соңы осындай оқиғаға әкеліп соққанын айтып отыр. БұғанШелек, Моловодныйдағы оқиғаларды мысал етеді. Демек, оқиғаның бір ұшы «әлеуметтіктеңсіздікте» жатса, екінші ұшы жемқорлық пен жалпақшешейлікте, әділетсіздіктежатыр.

Назарбаев құрғанжүйе тәуелсіздік жылдары күн-түн демей «бірлік пен ынтымақты» жыр етумен келді.Саясаттанушы Андрей Чеботарёвтіңпікірінше, «мұндай оқиғалардың туындауының бір себебі жергілікті халық ішкіістер органдарына сенбегендіктен, өз беттерінше шешуге ұмтылады».

«Жергілікті әкімдікөкілдері қоғамдастықтар арасында жиналыстар өткізіп, халықтардың өзара түсінісуіне,бірлікте өмір сүруіне тиісті шаралар ұйымдастыра алмайды. Ол үшін ауылдық және қалалықелді мекендер тұрғындарының өздері құрған, оларға есеп беретін және жергіліктіжағдайды реттеуге қабілетті жергілікті өзін-өзі басқару тетігін қалыптастыру қажет»,– дейді саясаттанушы.

МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ БИЗНЕС

БіздеНазарбаевтың «новаторлық» бастамасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысістейді. Әдетте биліктегілер бұл ұйымды «Кіші БҰҰ» деп мақтануға бейім.Этносаралық кикілжіңдер кезінде үнемі көпшілік сол ассамблеяны «олар қайда қарапотыр» деп сынайды. Шындығында, жыл сайын «гүлденген, дамыған» елдің барлықжетістігі «берекесі ұйыған қоғамымызда» екенін айтып, алқалы жиындар, мерекелікшаралар өткізетін, әр ұлттың мәдени орталықтарын құрып, олардың тілі мен салт-дәстүріндәріптеуге барын салатын билік өкілдері «ассамблеяның негізгі міндеті – ұлтаралықкелісімді нығайту» деуден танбайды. Бірақ дәл осындай кикілжің кезінде олардыңашық пікір айтып, елден бұрын пікір білдіргенін байқамайсыз. Әдетте мемлекеттіктілді білетін ондаған өзге ұлт өкілін үкілеп, солардан сұхбат алып, жарнамалапжататын телеарналар бұрынғы әдеті бойынша тағы сол мемлекеттік тілді білетінбір-екеуін сөйлетуден арыға аспайды.

Еліміз бойыншадүнген мәдениет орталығы деп тіркелген ұйымдар саны жетерлік. Әдетте жергіліктібилік ассамблеяның облыстық  бөлімшелерін«кіші ассамблея» деп атайды. Әр облыста тіркелген мәдени орталықтар  осы кіші ассамблеяға қарайды. АндрейЧеботарёвҚХА-ның жұмысы түсініксіз, сол үшін этносаралық мәселелерменайналысатын жеке орган керек деген пікір айтады.

«Кез келген деңгейде маңызды мәселелерді анықтауға жәнеұлтаралық қақтығыстардың алдын алуға баса назар аудара отырып, этноұлттықсаясат пен этносаралық қатынастар мәселелерімен жүйелі айналысатын орталықмемлекеттік орган құру маңызды. Орталық және аймақтық ҚХА бұл мәселемен ешқашанайналыспаған және олардың өкілдері қарастырылып жатқан оқиғаларды шешупроцесінде ерекше байқалған жоқ. Сондықтан оқиғалардан сабақ алып, байыпты реформажүргізетін уақыт жетті», – дейді саясаттанушы.

Осы пікірден түйер қорытынды біреу: ҚХА – аты барда, заты жоқ ұйым. Оның еліміздің бірлігін нығайтуда атқарған рөлі әр ұлттан шыққанбелгілі бір азғана отбасылар мен топтардың мүддесін қорғаудан арыға ұзамайотыр.

Айталық, әр ұлт атынан құрылған мәдени орталықтароблыстан тендер алып, мәдени шаралар өткізуден қолдары босамайды. Сенбесеңіз,сол орталықтарды тексеріп көріңіз. Онда жұмыс істейтін бес-алты адам ғана.Олардың дені бір отбасының қолында екенін сол ұлт өкілдерінің өздері айтып жүр.Жергілікті билік үшін мәдени орталықтардың жұмысының мазмұны емес, формасы,содан кейін жиын-тойының есебі ғана керек. Саясаттанушының «этносаралық мәселелерменайналысатын арнайы орган керек» дейтіні де сондықтан.

ОҚШАУ, БҰЙЫҒЫ ЭТНОС

Оқиғаға қатысты видеоларға қарап, дүнгендердің түгелдейорысша сөйлейтіндерін байқаған жұрт «Бұлар неге қазақша сөйлемейді?» деп ашулыжазбалар қалдырып жатты. Олар түгіл, өзіміздің биліктегілер мен қаладағы қазақтардыңбасым бөлігі орыс тілінде сөйлеуге бейім екендігін барша жұрт көріп отыр.Мемлекеттік тілдің өз мәртебесіне ие бола алмауы «ұлттың өзін-өзі қор сезіну»комплексін тудырады. Қазақстандағы 130 ұлттың дені орысша сөйлейді, орысмектебіне барады және оны «Қазақстанда өмір сүрудің ең тиімді тәсілі» депбіледі. Бұл үшін оларды кінәлай алмайсыз. Өйткені еліміздегі саясат, экономика,бизнес орыс тілінде жүреді. Орыс тілі «ұлтаралық тіл» статусынан да жоғары. Бұл– биліктің тілі.

Екіншіден, дүнгендердің басым бөлігі негізіненЖамбыл облысына шоғырланған. Олардың көбі орыс мектептерінде білім алады. Тағыбір ескеретін жайт, дүнгендердің балаларын ЖОО-ларда оқытуға құлықсыздығы.Мектеп бітіре салысымен ауыл шаруашылығымен яки саудамен айналысады. Дүнгендердіңбұл ерекшелігі оқшау, бұйығы өмір сүруге итермелейді. Бала туу көрсеткіші ең жоғарыұлт ретінде де дүнгендерді атауға болады. Әр үйде жеті-сегіз баладан кем емес.

Дүнген және орыс тілінде сөйлейтін, өзгеэтностармен араласуы тым баяу, қыздарын басқа ұлттарға беруді ар санайтын, тұрмыс-салтымен шаруашылығы да бөлек этносты Қазақстанға бейімдеу, қазаққа жақындату үрдісімүлдем жүрген жоқ. Ал желі қолданушылардың «қазақша білмейді, қазақтыменсінбейді» деуі орынды ма? Ұлттық демей-ақ қоялық, мемлекеттік идеология ақсаптұрған елде, мұндай кикілжің өзге ұлттардың да арасында тағы да болса, таңғалмаңыз.

ДҮНГЕНДЕРГЕ «СЫРТҚЫ КҮШ» ӘСЕР ЕТТІ МЕ?

Әлеуметтік желілерде «дүнгендерді қазаққа қытайларайдап салды» деген пікір де айтылды.  Бұлжаңсақ пікір дер едік. Себебі Қытай дәл қазір Қазақстандағы өзге ұлттарды өзінетартуға «қауқарсыз». Бірақ...

Соңғы жылдары Қазақстандағы Қытай елшілігімен жұмысістейтін дүнгендердің бірнеше ұйымы бар екенін қоғам белсенділері жиі айтып жүр.Олар Қытаймен қандай байланыс орнатқан? ҰҚК-нің жіті назарға алатын шаруасы осыболса керек. Әдетте балаларын оқытпайтын дүнгеннің жастары соңғы жылдары Қытайданбілім алуға әуестеніп кеткен. Бұл туралы Тұрдыбек Құрметхан атты қолданушы өзініңәлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Қытай елшілігі және консулдығыныңаса қамқорлығына ие дүнгендердің бірнеше ұйымы бар және олар өздерін Қытайдиаспорасы ретінде санайды. Түркілердің наурызын, қазақтың Тәуелсіздік күнінтойламайтын олар Қытайдың жаңа жылын тойлайды. Қазақтар Қытайдың елшілігі менконсулдығына арттағы ағайынның қамымен барса, дүнгендердің де өз есебі болды.Олар соның нәтижесінде, әсіресе Шыңжаңдағы ұйғырлардыңжағдайынан (2009) кейін Қытаймен саудадағы ырықты орынға шықты. Қытайданкелетін тауардың майлы жілігі осылардың қолында болды. Алматы базарлары менсауда-саттық транзитті иемденді. Сондай-ақ бұған дейін жоғары білім алмайтынжастарын шетінен Қытайға оқуға жіберді. Осылайша 200 жыл бұрын шекарадан екі аяғыменөткендер соңғы 20 жылда бір аяғын тағы Қытайға салды», – дейді ол. Оның пікірінше, осындай жүйелі экономикалық (саяси) қолдаудыңнәтижесінде дүнгендер экономикалық жақтан мығым орынға ие болған. Әсіресе Қытайдыңқырғыз арқылы өтетін сауда-саттығына  дүнгендериелік етіп отыр.

Біз мақала жазу барысында «барахолкада»сауда істейтін кісілермен де сөйлескенбіз. Орталық Азиядағы ең үлкен базардың бірісаналатын «барахолканың» көтерме саудасына (оптом) негізінен дүнгендер иелікететінін айтады. Олар құрылыс материалдарын, ыдыс-аяқ, киім-кешек, жиһазтауарларын меншіктеп алған. «Барахолкадағыкөтерме сауданың 70 пайызы солардың қолында. Қытай мен Қырғызстаннан тауар әкеліпсатады. Өте ұйымшыл. Маусым бойынша 30-40 адам бірігіп жұмыс істейді. Оларменсаудада бәсекелесу мүмкін емес», – дейді сатушы Елшат есімді жігіт.

ҚАЗАҚТАРЕМЕС, ҚАЗАҚСТАН БИЛІГІ КІНӘЛІ

Қордайдағы оқиға Қазақстанда қоғамныңдегредациялық күйге түскенін айғақтайды. Бұл – сарапшылардың пікірі. Бұрынғы оқиғаларменсалыстырғанда бұл жолғы қантөгіс мүлдем бөлек болды. Халық бір-бірін өлтіріп, қарукезенді. Дүнгендер мен қазақтардың қақтығысын бүкіл әлем жарыса жазып, «озбырлыққа»теңеп жатыр. Себебі оқиғадан жапа шеккендердің ішінде бейкүнә азаматтар да мол.

Еліміздегі кейбір сарапшылар ұзақ жылдарбойы әділетсіздікке тап болған, биліктің өтірігі мен алдаусыратуына әбденызаланған халықтың өшін өзгелерден алуы деп те түйіндеді. «Егер Назарбаев жүйесі еркін де әділетті, демократиялық принциптергесай қоғам құрса, бай мен кедей арасындағы алшақтық шектен шықпаған болса, мұндайоқиғалар болмас еді». Әлеуметтік желілерден мұндай пікірлердің сан-мыңынкезіктіруге болады. Еуропада министр болған тұңғыш қазақ, қазір Чехияда тұратынқандасымыз Джамиля Стехликова өз пікірінде: «Бұл қантөгіске менің ұлтым – қазақтаремес, демократиялық сайлау өткізбеген, құқықтық мемлекет құрмаған, әлеуметтіктеңдік орнатпаған Қазақстан билігі кінәлі. КСРО ыдырағаннан кейін билікті қолынаалғандар халықтың қайғы-қасіретінен пайда көреді. Олар қымбат виллалар сатыпалады. Ал болашағынан үмітсіз адамдар мемлекет пен полиция жұмыс істемейтінауылдарда бір-бірін өлтіреді», – депті.

Мұндай оқиғалар екінші рет қайталанбауы үшінбіздің бүгінгі жүйе не істеуі керек? Не істей алады?

Автор: ҚадырАРҒЫНБЕК

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз