Қордай тұрғындары қамаудағы адамдарды босатуды талап етуде
Қордай тұрғындарықамаудағы адамдарды босатуды талап етуде. Бұл жөнінде «Азаттық»радиосы хабарлады.
8 ақпанда күндіз Жамбыл облысы Қордай ауданы Масаншы менҚаракемер ауылының ортасына тұрғындар жиналып, бір күн бұрын ұсталған адамдардытүгел босатуды талап етті. Наразылардың саны шамамен 200-ге жуықтайды.Тұрғындарға қарама-қарсы жақта олардың әрекетін каска киіп, қалқан ұстаған омонжасақтары бақылап тұрды.
Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов бірнеше реткелді. Екінші келгенінде Қордайда қамауда отырғандар түгел босатылды деді.Бірақ Қаракемер тұрғындарының сөзіне қарағанда, Қордайда қамауда отырған 40адамнан өзге көрші Ауқатты ауылында тағы 47 адам бар, оларды да босату керекдеді. Ал әкімдік 47 адамның ғана ұсталғанын айтады.
Ақыры әкімдік ұсталғандарды босатып, Қаракемер тұрғындарының алдына әкелугеуәде берді. Осы талап орындалса тараймыз деді жұрт.
Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағыбірнеше елді мекенде тұрғындар арасында жанжал болды. Ішкі істер министрлігі 8адамның өлгенін, 40-тан астам адамның жарақаттанғанын хабарлады. Полиция«Адам өлтіру» және «Тәртіпсіздік ұйымдастыру» бабы бойыншақылмыстық істер қозғады. Жанжалдан кейін полиция 47 адамды ұстағанынхабарлаған.
8 ақпанға қараған түні полиция жанжал болған аумақты қоршап, ол жаққаешкімді өткізбеді.
Фото: Азаттық радиосы.