Қордайдағы жанжалға байланысты 25 қылмыстық іс қозғалды
Қордайдағы оқиғағабайланысты 25 қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөніне премьер-министрдің орынбасарыБердібек Сапарбаев мәлімдеді.
Қордай ауданындағы Сортөбеауылында өткен баспасөз мәслихатында Бердібек Сапарбаев кылмыстық істер жаппай төбелес, жаппай төбелескешақыру, адам өлтіру, бұзақылық, билік өкіліне күш қолдану, жекенің мүлкінқирату, заңсыз қару жасау фактілері бойынша қозғалғанын айтты.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтыңтапсырамасымен бас прокуратурада ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Солтоп тергеумен айналысады. Қазіргі басты мақсат – ұйымдастырушыларды, төбелестібастағандарды, арандатушыларды және кінәлілерді табу» – деді вице-премьер.
Ақпанның 7-і күні Жамбыл облысы Қордай ауданына қарастыМасанчи, Сортөбе, Ауқатты ауылдарында қазақтар мен дүнгендер арасында жанжалболып, салдарынан 10 адам көз жұмып, 40-тан астам адам жарақат алған. Әзіргежанжалдың неден шыққаны белгісіз. Бейресми ақпарат бойынша, кикілжің жолғаталасудан шыққан.
Фото: Ашық ақпарат көздерінен.