Саясат

Қытайда короновирустан көз жұмғандар саны күн сайын өсуде

Ресми Бейжіңтаратқан мәлімет бойынша, короновирустан қайтыс болғандар саны 106 адамғажеткен.

Қытайда короновирустан көз жұмғандар саны күн сайын өсуде

Ал белгісіз індетті жұқтырғандардың қатары 1300 адамға көбейіп, 4515адамға өскен.

Белгісізпневманиялық короновирус Ухань қаласынан желтоқсан айында шыққан. Қазір індетҚытай шекарасынан асып, АҚШ, Канада, Франция, Австралия, Германия, Жапония жәнеОңтүстік Корея аумақтарына дейін тараған.

Қытай жабықжүйедегі мемлекет болғандықтан «2019-nCoV» вирусының қайдан тарап жатқандығыәлі күнге дейін белгісіз. Қазір короновирусқа қатысты ел пікірі екіге жарылған.Бірі вирус Ухань қаласындағы теңіз өнімдерін сататын базардан шықты десе, ендібірі вирус дәл осы қалада орналасқан құрия зертханадан тарап жатыр депесептейді. Қазіргі Қытайдың жағдайында екі көзқарастың да айтылуында негіз бар.Себебі Қытайдың теңіз өнімдерін сататын базарларында санитарлық нормалардыңсақталмайтындығы, жыланнан бастап, құрт-құмырсқаға дейін ашық сатылыпжатқандығы жасырын емес. 

Ал Ухань вирусология институты жанынан құпия зертханаашылғандығы 2018 жылдан бері БАҚ беттерінде сан мәрте жазылған. Бірақ ол жердеқытай ғалымдары немен айналысып жатқандығын тек болжауға болады.  44 миллиард доллар қаржыға салынған зертханаға4 деңгейдегі құпиялық мәртебесі берілген. Қытай билігі вирустық ауруларға қарсызертхана ашуды 2002-2003 жылдары жоспарлаған. Осы жылдары елде пневманиялықауруларды қоздыратын вирус тарап, салдарынан 800 адам көз жұмған. Кейбірболжамдар бойынша, Ухань зертханасы Қытайдың биологиялық қару жасау мемлекеттікбағдарламасына қатысқан.

Фото: centralasia.media

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз