Саясат

Рекорд! Сапарбаев бесінші рет облыс әкімі болды

Жамбыл облысыныңәкімі болып Бердібек Сапарбаев тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда баспасөзқызметі хабарлады.

Рекорд! Сапарбаев бесінші рет облыс әкімі болды

«Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Жамбыл облысының әкіміболып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасарықызметінен босатылды», — делінген мәлімдемеде.

Бердібек Сапарбаев Үкімет басшысының орынбасары қызметіне 2019 жылдыңтамызында тағайындалды.

Сапарбаев түрліуақытта министрлер кабинеті аппаратының басшысы, Қызылорда облысының әкімі,Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы,қаржы вице-министрі қызметтерін атқарған еді. 2009 жылдың 4 наурызынан 2014жылдың 11 қарашасына дейін Шығыс Қазақстан облысын басқарған. 2014 жылы 11қарашада Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған. Ал 2015жылы қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі қызметіне кіріскен. 

2019 жылы ақпандаеңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып, бұл қызметте жарты жылдайжұмыс істеген.

Осыған дейін аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің қызметінен кеткендігіжөнінде хабарланған болатын. 

Естеріңізге салайық, ақпанның 7-ікүні Жамбыл облысының Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында жанжалболып, 10 адам көз жұмып, 40-тан астам адам жарақат алған. Осыдан кейінпрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен облыстағы бірқатар шенді қызметіненбосатылған. Дәл осы кикілжіңге байланысты құрылған үкіметтік комиссияныңбасшысы болып Бердібек Сапарбаев бекітілген.

Коллаж: Жас Алаш.

 

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз