Ресей үшін Орталық Азия Қытайдан да қауіпті
Ресей үшін короновирустың таралуы жағынан Орталық АзияҚытайдан да қауіпті. Бұл жөнінде ЛДПР партиясының көшбасшысы ВладимирЖириновский өзінің «Twitter» парақшасында жазды.
«Короновирус эпидемиясында барлығын бақылауда ұстап отырған Қытай емес,Орталық Азия елдері қауіпті. Ол жақта вирустың таралуы бақыланбайды. Ал халықҚытайға да, Ресейге де емін-еркін қатынайды. Өз азаматтарымызды қорғау үшінОрталық Азиямен шекараны жабуымыз қажет», — деп жазды Жириновский.
Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты бұған дейін ОрталықАзия елдері туралы сан рет мәлімдеме жасаған. Олардың ішінде Орта Азия Ресейдіңбір бөлігі болу керек, Қазақстанның Ресеймен шекаралас облыстарын тартып алуқажет деген пікірлері де бар.
Жириновскийдің осындай мәлімдемелерінің бірінен кейін, 2014жылы Қазақстан СІМ Ресейге нота жіберіп, қажет болған жағдайда саяаткерге елаумағына кіруге тыйым салатындығын мәлімдеген.
Фото: РИА Новости.