Live

«Ресейге көмектескен»: ЕО алғаш рет Қырғызстанға санкция енгізді

Еуропалық Одақ Ресейге жанама қолдау көрсетті деген күдікпен Қырғызстанға қарсы алғаш рет санкция салды. Бұл шешім жаңа, 20-санкциялар пакеті аясында қабылданған.

Қырғызстан

Брюссель арнайы механизмді іске қосып, санкцияларды айналып өтуге көмектесетін үшінші елдерге қысымды күшейтуді көздеп отыр. Негізгі мақсат – Ресейге технологиялық өнімдердің жеткізілу жолдарын толық жабу.

Жаңа шектеулерге сәйкес, Қырғызстанға Еуропадан бірқатар маңызды тауарларды экспорттауға тыйым салынды. Олардың қатарында цифрлық басқаруы бар станоктар, телекоммуникациялық жабдықтар және байланыс жүйелері бар.

Еурокомиссия бұл шешімді аталған өнімдердің Ресейге қайта экспортталу қаупі жоғары екенімен түсіндірді. Соңғы жылдары Қырғызстан Ресейге тауар жеткізетін негізгі транзиттік бағыттардың біріне айналған. Бұған экспорт көлемінің бірнеше есе өсуі дәлел.

Сонымен қатар бірқатар қырғыз банктері де санкциялық тізімге енгізілді. Себебі олар криптобиржалар арқылы рубльге байланған цифрлық активтерді пайдаланып, халықаралық есеп айырысулар жүргізген.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз