Әлеумет

Сапарбаевтың есеп беруі сол баяғы сценариймен басталды

Ақтөбеде облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВТЫҢ халыққа есеп беру жиыны өтіп жатыр. 2017 жылы салынған «Өнер орталығының» 1200 орындық концерт залында әкім дәстүр бойынша баяндамасын бастады.

Сапарбаевтың есеп беруі сол баяғы сценариймен басталды
Бұл туралы өңірдегі Жас Алаш тілшісі хабарлайды.Бердібек Мәшбекұлының да есеп беру жиыны Қазақстанда қалыптасқан дәстүр бойынша басталды. Алғыс айтып, ақ бата беруге дайын ақсақалдар алдыңғы орынға жайғасты.Облыстық мәлихаттың өкілідері мен филармония қызметкерлерін де көзіміз шалып қалды. Әрине, мектеп мұғалімдері де болды.4 ақпан Астанадағы бес бүлдіршін өлімінен кейін Ақтөбеде де көп балалы аналар өз талаптарын қоя бастаған еді. Бүгін Сапарбаев мырза көп балалы аналарға жасалытын жәрдем жайлы айтып өтті.«Балалары балабақшаға баратын көп балалы, тұрмысы нашар отбасыларының тамаққа төлейтін ақысын 70%-ға арзандататын боламыз. Оған қоса мектепке баратын балаларды тегін тамақтандыруға тағы да қосымша 700 млн теңге бөлінбек», — деді облыс басшысы Бердібек САПАРБАЕВ.Сондай-ақ, былтырғы жылы 265 мың мұқтаж адамға 3 млрд. 350 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілгенін де айтып өтті.Айтпақшы, 1200 орындық залға сыймай қалғандар да болды. Мәдениет, білім басқармаларының қызметкерлері холлда отырып монитордан облыс басшысының есебін «мұқият» тыңдап отыр.  Фотолар автордікі.
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз