Әлеумет

Шетелдіктермен төбелес: Жәйремде жеті адам қамауға алынды

Қарағанды облысындағы Жәйрем кентіндегі оқиға байланыстыжеті адам тұтқынға алынды.

Шетелдіктермен төбелес: Жәйремде жеті адам қамауға алынды

12 тамыз күні Жәйремдегі кенбайыту комбинатындажұмысшылар арасында төбелес болған еді. Бұл туралы өңірдегі «ЖасАЛАШ»тілшісі хабарлайды.

«Бұзақылық әрекеттермен бөтеннің мүлкін тонады деген күдікпен, Жәйремкентінің жас шамалары 22 мен 33 аралығындағы 7 тұрғыны анықталып ұсталды.Ұсталғаназаматтар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлама таратты облыстық полиция департаментінің баспасөз-қызметі.

Оқи отырыңыздар: Жәйремдегіжағдайға жұмыссыздық себеп

2019 жылдың 12-ші тамызында Жәйрем кентінде кенбайытукомбинатынының жұмысшылары арасында келіспеушіліктер орын алған. Оқиғабарысында бірқатары  денежарақаттарыналған.

Бұл оқиға қатысты екі версия айтылған. Біріншісі Полиметталзауытының құрлысында еңбек етіп жүрген Түркия азаматы қазақ қызының жалаңашфотосын желіге жүктепті. Шетелдік жұмысшының бұл әрекеті жергіліктіазаматтардың ашуын келтірген. Артынша youtube.comжелісіндеоның кешірім сұраған үндеуі жарияланған еді.

«ЖасАЛАШ»тілшісімен сөйлескен жәйремдіктер жергілікті өндіріс орнына көбінешетелдік жұмысшыларды алатынын айтқан-ды. Және елді мекендегі әлеуметтікжағдайдың төмендігін мәлімдеген.

Оқи отырыңыздар: «ӘкімҚошанов түрік жігітін кешіріңіздер деді»

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірқызығы полиция ұсталғандардың аты-жөнін жарияламай отыр.

Фотоны автор ұсынды.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз