Live

Таразда мектептегі төбелестен кейін оқушы көзінен айрылды

Тараз қаласындағы мектептердің бірінде болған төбелес ауыр салдарға әкелді. 10-сынып оқушысы көзінен айырылды.

1

Оқиға үзіліс кезінде 9 және 10-сынып оқушылары арасында туындаған жанжалдан басталған. Төбелес ұлдардың киім ауыстыратын бөлмесінде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, 15 жастағы Дамирді 9-сынып оқушылары бөлмеге алып кірген. Оның досы көмектесуге тырысқанымен, басқа балалар оған кедергі келтірген. Сол сәтте Дамир басынан соққы алған. Соған қарамастан, ол бөлмеден өз бетімен шыға алған.

Жарақат салдарынан жасөспірім ауыр хәлде ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалды. Анасының айтуынша, дәрігерлер баланың көзін «бөлшек-бөлшекпен құрастырған».

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалмақ. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Тегтер: Тараз
Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз