Әлеумет

Украина әскері Донецк облысындағы үш елді мекенді азат еткенін мәлімдеді

Украина Қарулы күштері Донецк облысының Лиман ауданындағы Шандриголово, Дерилово және Дробышев елді мекендерін азат еткенін хабарлады.

Украина

Бұл туралы Украина Қарулы күштері Үшінші армия корпусының қолбасшысы Андрей Билецкий мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған аумақта «Вивальди» қарсы шабуыл операциясы жүріп жатыр.

Билецкийдің сөзінше, үш елді мекен Лиман мен Святогорск қалаларының арасында, Нитриус өзеніне жақын орналасқан. Оның мәліметінше, Ресей әскері осы бағытта алға жылжуға тырысқан.

Украина тарапы соңғы апталарда Лиман маңында қарсы шабуылға шыққанын хабарлады. Билецкийдің мәлімдеуінше, «Вивальди» операциясы барысында украин әскері 125 шаршы шақырым аумақты қайтарған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз