Сараптама

Ұлттық экономика мұнай өндірісінің тұрақсыздығына төтеп бере ме?

Қазақстан жыл сайын мұнай мен газ өндірісін ұлғайтып келеді. Республикада өндірісті ұлғайтуға мүмкіндік беретін ірі мұнай-газ жобаларын іске асыру жүріп жатыр және бірталайы жоспарда бар.

Ұлттық экономика  мұнай өндірісінің тұрақсыздығына төтеп бере ме?

      Сәуір айында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Қазақстанның ірі қалаларында карантин енгізілуіне және мұнай өнімдерін тұтынудың төмендеуіне байланысты мұнай өңдеу зауыттары минималды теңдестірілген қуатта жұмыс істейтінін хабарлаған болатын. Атап айтқанда, мұнай өнімдерінің негізгі түрлеріне сұраныс айтарлықтай төмендеді: автомобиль бензині мен дизель отынына – 40, авиациялық отынға 70 пайыз. Бұған мұнай өңдеу зауыттарына кіретін мұнай жеткізушілердің өтінімдері динамикасының сараптамасы дәлел.

     Елде мұнайды қайта өңдеу төрт кәсіпорында жүзеге асырылады: «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент мұнай өңдеу зауыты), сонымен қатар «CASPI BITUM» БК ЖШС битум зауыты. Шамадан тыс қор жинамау үшін Атырау, Павлодар және Шымкент зауыттарында мұнай өңдеу мен мұнай өнімдерін өндіру көлемін азайтқанымен, зауыттар өз қызметін тоқтатқан жоқ.

    15 наурыздан бастап зауыттарда дағдарысқа қарсы штабтар жұмыс істейді, олар өз жұмысын күнделікті ұлттық компанияның орталық штаб-пәтерімен үйлестіріп отырады. Бұрын-соңды болып көрмеген профилактикалық шаралар қабылдануда: әкімшілік-өндірістік нысандарда санитарлық-дезинфекциялық және бақылау-қолжетімділік режимдері күшейтілді; кәсіпорындардың әкімшілік персоналының 70 пайызға дейін қашықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды; құрылымдық бөлімшелер арасындағы зауыттар жұмысшыларының қозғалысы шектеулі; персоналдың денсаулық жағдайына күнделікті бақылау жүргізіледі; үй-жайларды, көлік құралдарын және зауыт алаңдарын үнемі дезинфекциялау жүзеге асырылады.

       KAZENERGY қауымдастығының мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту департаментінің директоры Яромир Рабай: «Мұнай-газ саласында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудың 70-75 пайызы үш ірі жобаға тиесілі: Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған. Бұл ең алдымен қазақстандық мұнай қызметі үшін Теңіздегі, Қарашығанақтағы ПРК1 және Қашағандағы 2-фазадағы ауқымды жобалары аясында халықаралық стандарттарға бейімделуге және тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік. Мемлекет тарапынан жергілікті қамтуды дамытуға бағытталған дұрыс бағыттың арқасында осындай жобаларға қазақстандық компаниялардың көп бөлігін тартуға мүмкіндік туды. KAZENERGY қауымдастығы да бұл бағытта кең ауқымды жұмыстар жүргізеді. Кез келген жобаны іске асыруда оның өзіндік аяқталу мерзімі болатынын түсіну маңызды, сондықтан мен қазақстандық компаниялар үшін қазір баға жетпес тәжірибе жинауға және болашақта мұнай кен орындары қызметтерінің шетелдік нарықтарға шығуға тамаша мүмкіндік бар деп ойлаймын. Мысалы, Ресей, Таяу Шығыс елдері, Африка елдері және т.б.

     Мұнай-газ саласындағы қажетті технологиялар мен тәжірибе алмасудың бір нұсқасы ретінде мен шетелдік мұнай сервистік компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құруды ұсынар едім. Білікті қазақстандық адам капиталы мәселесі өзекті болып қала береді және жергілікті жоғары білікті мамандарды дамыту біраз уақыт алатыны белгілі. Сондықтан мемлекет пен  сала алдында кадр даярлаудың халықаралық стандарттарын ескере отырып, оқу базасын қалыптастыру міндеті тұр», – деп есептейді.

      Ал америкалық Moody's analytics компаниясы сарапшыларының пайымдауынша, Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан және Катар сияқты елдердің экономикасы мұнай экспортын жасайтын басқа елдермен салыстырғанда мұнай бағасының төмендеуіне онша осал болмауы мүмкін. Оларға бюджеттің бастапқы жақсы жағдайы, оның мұнай бағасының төмендеуіне осалдығы, сондай-ақ ұлттық валютаның құнсыздануына дайын болу қажет. Әзірбайжан мен Қазақстанның ұлттық қорлары үлкен және шетелдік валютада көрсетілген өтімді активтерге салынған. Бұл төтенше жағдайлар кезінде бюджеттің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуі керек.

      Ал Ордабасы өңірінде екі ерекше жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде мұнай-химия өнімдерін алу үшін мұнайды терең өңдеу жобасы және Қазақстанда баламасы жоқ көмір-химия зауыты бар.

Бірінші жоба жалпы құны 95 миллиард теңгені құрайтын «Standart Petrolleum & Co» ЖШС мұнай-химия зауытын салуды және 800-ден астам жұмыс орнын құруды мақсат етіп отыр. Жобаны екі кезеңде жүзеге асыру жоспарланған. Инвестициялық құны шамамен 11,15 млрд теңгені құрайтын жобаның бірінші кезеңін іске асыруды осы күзде бастау жоспарланып отыр. Сонымен бірге кәсіпорынның өнімділігі жылына 1 миллион тоннаға дейін дайын өнім құрайды. Жобаның екінші кезеңін (қуаттылығы жылына 1 миллион тоннаға дейін) 2021 жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

     Бұл Қазақстанда салынған алғашқы мұнай-химия зауыты. АИ-92 және АИ-95 бензинін өндіруден басқа, мұнай-химия өнімдерін: бензол, толуол, ацидол, төмен қысымды полиэтилен, нафталин және т.б. өнім алу үшін мұнайды терең тазарту жүзеге асырылады. Сондай-ақ кәсіпорын қуаты сағатына 35 МВт болатын электр энергиясын өндіруді жоспарлап отыр, бұл өз қажеттілігін ғана емес, оны сырттан да қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сарапшылардың пікірінше, жоба мұнайды терең өңдеу үшін дәстүрлі емес технологияны, атап айтқанда циклондық өңдеу түрін – құйынды эфирлеуді қолданбақ.

      Сондай-ақ үш мұнай өңдеу зауытын (Атырау, Павлодар және Шымкент) модернизациялау нәтижесінде ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін толығымен жабуға мүмкіндік туды. Зауыттағы мұнай өңдеу қуаттылығы жылына 17,5 млн тоннаға дейін, өңдеу тереңдігі 90 пайызға дейін ұлғайтылды. Бүгінгі күні қазақстандықтар экологиялық кластардағы К4 және К5 бензиндерімен (тиісінше Евро-4 және Евро-5) қамтамасыз етілген. Өткен жылы артық бензин мөлшері таяу және алыс шетелдерге экспортталды. Жалпы, былтыр Қазақстанда мұнай өңдеу көлемі 13 822 мың тоннаны құрады, бұл 3 пайыздық өсімді көрсетеді. Маңғыстау облысында 12,1 млрд теңгеге мұнайды қайта өңдеу кешенін құру жоспарланып отыр. Бұл кешеннің құрылуы есебінен 200 адам жұмыспен қамтылатын болады.

Жобаны қазақстандық компания жүзеге асырады. Оның іске қосылуы 2021 жылдың екінші тоқсанына жоспарланған. Зауыттың қуаттылығы жылына 350 мың тонна дизель отыны мен АИ-92, АИ-95 бензинін құрайды.

       Елімізде тағы үш бірдей жобаны іске қосу жоспарлануда. Осылайша Батыс Қазақстан облысында құны 420 миллион доллар болатын терең мұнай өңдеу зауыты пайда болуы мүмкін. 114 миллиард теңгеге Түркістан облысында мұнай өңдеу зауыты салынуда. Оның қуаттылығы – жылына 1 миллион тонна. Қызылорда облысында 4,1 млрд теңгеге осындай жоба жоспарланып отыр. Зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тонна шикі мұнайды құрайды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз