Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:49, 04 Маусым 2024

Жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды

r
Фото: из открытых источников

Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Агенттік ақпаратынша, жалған спортшыларға негізсіз атақтар берілген. 

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы А. Әшімовтің жалған спортшыларға «ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейне ақпараты зерделенді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымға уақытылы ден қойып, сотқа дейінгі тергеуді тіркеді, делінген хабарламада.

Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды. Қазір тергеу жүріп жатқаны айтылған.

Фото: pixabay

Тегтер: