Жамбыл облысында тағы бір шенді қамауға алынды
Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік жәнеиндустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы бюджет қаржысын жымқырды дегенкүдікке ілінді.
Бұл жөнінде жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігі мәлімдеді.
Агенттік таратқан ақпаратта шендіге қатысты сотқа дейінгітергеу амалдарының басталғаны туралы айтылған. 1-ші ақпан күні күдікті атқамінердіқамауға алуға санкция берілген.
Жемқорлығы үшін күдікке ілінген шенеунік көрсетілмеген қызметіүшін жеке кәсіпкерлерге жүйелі түрде ақша аудартып, оны қолма-қол ақшағаайналдырып отырған. Сонымен бірге, ол шын мәнінде жұмыс істемеген адамдытіркеп, оған заңсыз түрде жалақы есептеп, бюджет қаржысын жымқырды дегенкүдікке ілінген.
Фото: Капитал.кз