Саясат

Жаңаөзен толқып тұр

27 қаңтар күні ЖаңаөзендеТЕНГИЗ-SECURITY мекемесінің жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, наразылықакциясын өткізді.

Жаңаөзен толқып тұр

Белсенді Келбет Нұрбаев жұмысшылардың мекеме алдында не үшінжиналғандарын, жалақының төмен екенін, еңбек демалысына да дұрыс қаржы төленбейтінін,мереке-мейрамдарда да атаусыз қалдыратынын айтып өтті. Кәсіподақ комитеті Нұр-Сұлтанқалалық филиалының жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. «Жалақымыз 60-65 мыңтеңге, өте аз. 55 мың теңге алатындар да бар. Қазақстан Республикасының президентіҚасым-Жомарт  Тоқаев «біздің елдегі ең төменгіжалақы 85 мың теңге болады» демеп пе еді?! Неге біз сол ең төменгі жалақыға да қолжеткізе алмаймыз? Еңбек демалысына төленетін қаржы да тым мардымсыз – 24 мың теңгеғана», – деді ол. Белсенді жұмысшылардың талабы «Өзенмұнайгаз» директоры мен қалаәкімінің құлағына жетіп, мәселенің тезірек шешілуіне үміт ететінін айтты.

Жыл басталғалы Жаңаөзендеалғаш рет болған наразылық шарасы емес, бұған дейін де бірнеше рет осындай акцияларөткен болатын. Еске сала кетсек, қаңтардың 6-сы күні Жаңаөзен тұрғындары сұйытылғангаз бағасының литрі 53-55 теңгеден бірден 63-65 теңгеге қымбаттағанына наразыболып, қала әкімдігіне жиналған болатын. 20 қаңтар күні Жаңаөзен қаласының200-ге жуық тұрғыны әкімдікке барып, жұмыс талап етті. Күні кеше Жаңаөзендежиналған белсенділер Қытайда тарап жатқан қауіпті вирусқа байланысты шекараныуақытша жабуды ескертіп, ел ішін сақтандырды. Жалпы, мұндай шаралар қазір де, бұрында Жаңаөзенде жиі өтетінін интернет әлемі, тәуелсіз БАҚ жариялады.

Өткен жылы жұмыссызжастардың жайын айтып, белсенділік танытқан Ержан Елшібаев бес жылға басбостандығынан айырылып, сотталып кете барды. Жалпы, осылай үркітіп-қорқытып, қудалап,соттаумен мәселе шешіле ме? Бүгінгі наразылықтар қалай шешімін табады? Кеше қалайболып еді? Неге біз өткеннен сабақ алмаймыз? 2011 жылы Жаңаөзенде наразылықбасталған кезде сарапшылар мәселенің түп төркіні қайда жатқанын «соқырға таяқ ұстатқандай»қып айтудай-ақ айтты. Бірақ оған селт еткен шенді-шекпенді болмады. Ақыры қан төгіліп(ресми мәлімет бойынша, 17 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған),халық қасірет шекті. Сол кездегі санақ бойынша, 60 мың тұрғын тұруға әлеуетіжететін қуықтай қалада 140 мыңның үстінде халық мекендейтіні айтылды. Қолайсызклимат, экологиялық орта, ауызсу тапшылығы, қымбатшылық т.б. мәселелер жүйкесінжүндей түткен қала халқы талаптарын қойып, алаңға шықты. Еңбек дауы қатыгездікпенжанышталды. Бүкіл жұрттың наразылығын тудырған бұл қанды оқиғадан кейін биліктарапынан қордаланған мәселелерді шешуге бағытталған түрлі шаралар жасалатыныда айтылған еді. Әрине, ол кезде халықтың көңіл күйіне байланысты іске қосылғанмеханизмдер де болды.

Бірақ кейінгі толқулар,әредік естіліп қалып жатқан әлеуметтің ащы үні  көңілге күдік ұялатады. Өзге өндіріс ошағы жоқтыңқасы, жергілікті колледждер басқа саланың мамандарынан гөрі мұнайшыларды көбірекдайындайтыны баяғыда сан мәрте айтылған. Сол қарама-қайшылық, жұмыссыздық, жалақыныңаздығы қала тұрғындарын ауық-ауық жиналып, наразылық танытуға мәжбүрлейтінішындық. «Жеті баланың әкесімін. «Таза су» мекемесінде істеймін. Айлығым 110 мыңтеңге. Ол ештеңеге жетпейді. Сол үшін былтыр қазан айынан бері әкімшіліктіңесігін тоздырып, «Өзенмұнайгазға» орналастыруын талап етіп келеміз. Ол мекемедебос штаттар бар деп естиміз, бірақ бізді қазірше онда апаратын ойлары жоқ. Өздеріңізбілесіздер, Жаңаөзен – республика бойынша ең қымбат қала. Барлығы сырттантасымалданады. Өзімізден шығып тұрған газ бағасы да өсіп барып, айқай-шумен тоқтады.Келесі айдан бастап баға тұрақтанады деп жатыр. Бізде бәрі қымбат, ал айлықтыңсиқы анау», – дейді өзін Ғазиз Махамбетов деп таныстырған қала тұрғыны.

Автор: Ырысбек Дәбей.

Фото: Әлеуметтік желіден.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз