Жезқазған: Сары су кетті, таза су жетті
Бір жыл бойы Жезқазған қаласының тұрғындары үшін кранынан аққан сары су басты проблема болатын.
Бұл мәселе «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында шешімін тауып жатыр. Бүгіннің өзінде жасалған жұмыстармен Жазқазған қаласы әкімінің орынбасары Нұржан ОРЫНБАЕВ өңірдегі Жас Алаш тілшісіне былай деп бөлісті.«Жезқазған мен оның маңындағы кенттерде су тарату жүйелері күрделі жөндеуден өтті. Енді сапалы ауыз сумен қаланың және Талап пен Пристанционный кенттерінің тұрғындары қамтамасыз етілді. Күрделі жөндеу «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдаралмасы» бойынша жасалды. Жезқазған қаласының жанында орналасқан Талап ауылында 60-шы жылдардан бері алғаш рет 15 шақырым су жүйесі жөнделді. Суды үйлерге тарту үшін ауылда үш сорғы орнатылды, заманауи модульді сорғыш станциясы салынып, 12 құдық жасалды. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 223 миллион теңге бөлінді. Жөндеу жұмыстарында отандық өнім өндірушілердің материалдары қолданылды.» Сонымен қатар, Пристанционный кентіндегі барлық үйлер орталықтандырылған су құбырына қосылған. Ал, Жезқазғанның өзінде сумен қамту жүйесінің 5 жаңа нысаны бой көтеріп, төртеуінің күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген. Аталған өзгерістерді жүзеге асырыру үшін, облыстық бюджеттен 12 млн. теңге қаражат жұмсалған екен. Енді мердігер компания 3 жыл кепілдік мерзімі боййынша қадағалауына алған.Жезқазған қаласы тұрғындарының суға қатысты проблемасы осылай шешілсе, Балқаш қаласындағы Саяқ кенті тұрғындарының айта – айта жауыр болған мәселесі де шешілгелі жатқан көрнеді. Осы күнге дейін су кезегінде тұрып, шелекпен тасыған халықтың арманы орындалуына сәл қалды. Қырқына шыдаған жұрт, қырық біріне де шыдар. Бүгінде Қарағанды обысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәліметін бойынша су тарту жұмыстары басталғалы жатыр.«Балқаш маңындағы Саяқ кентінде су таратқының құрылысы басталады. Ауыл тұрғындары үшін ауыз суды елді мекеннен 15 шақырым қашықтықта орналасқан жер асты көзінен алып отырады. Жобаны жүзеге асыруға жұмсалатын қаражаттың көлемі алдын ала болжам бойынша 919 млн. теңгені құрайды. Ауқымды жоба ұңғыма қазуды, су тазартқыш станциясының және су бөгетінің құрылысын қарастырады.»Сонымен, Қарағанды облысында 230 шақырымнан астам су тарату және кәріздік жүйелер салынды және қалыпқа келтірілді. Сапалы ауыз сумен өңірдің 236 мың тұрғындары қамтамасыз етілді. Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша атқарылатын жұмыстар 2019 жылда да жалғасын табады. Алдағы уақытта 300 шақырымнан астам су және кәріз жүйелерін жөндеу және салу жоспарда. Олардың 128,3-і қалаларда, 174,8 шақырымы аулыдық жерлерде. Фото: azattyq.org