Саясат

Журналисті соттатқан шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

«Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің» деген бар емес пе еді… Журналист АмангелдіБатырбековты «жала жауып, қорлады» деген айыппен сотқа берген Түркістан облысыКелес аудандық білім бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиевтің өзі жауапқа тартылатынболды.

Журналисті соттатқан шенеуніктің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сарыағаш ауданының полиция басқармасы шенеуніктің үстінен қылмыстық ісқозғағаны туралы «Азаттық» радиосы хабарлады. Бұл ақпаратты облыстық полициядепартаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова растады.

«Бақтияр Әбдиевке қатысты Қылмыстықкодекстің 420-бабы бойынша («Сарапшының, маманның көпе-көрнеу жалғанайғақтары, қорытындылары немесе қате аударма”) қылмыстық іс тіркелді. Қазірсотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» дейді, баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, бұл қылмыстық істің ашылуына журналист АмангелдіБатырбековтің „жәбірленуші ретінде көпе-көрнеу жалған ақпарат бергеніүшін“ атқамінердің үстінен жазған арызы түрткі болған көрінеді.

Оңтүстік өңірде танымал журналист, «Сарыағаш ақпараты» газетінің редакторыАмангелді Батырбеков Абай ауылында ұл баланың зорланғаны туралы ақпаратты алғашболып жариялаған болатын. Ол көтерген мәселе елде кең резонанс тудырып,облыстың білім саласындағы былықтарды ашып берген. Нәтижесінде, журналистің өзіжергілікті шенділердің қаһарына ілігіп, Келес аудандық білім бөлімінің басшысыБақтияр Әбдиев «ар-намысыма тиді, қадір-қасиетімді қорлады» деген айыппен оның үстіненсотқа шағым түсірген. 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Сарыағаш соты журналисті жалажапты деген айыппен 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Мұндай айыпқа оның «Facebook»парақшасында жариялаған бірнеше сыни материалдары себеп болған. Бірақ Батырбеков сотшешімімен келіспей, өзі жазған жәйттердің шындыққа сәйкес екенін мәлімдеген.

Халықаралық «Шекарасыз тілшілер» (RSF), «Журналистерді қорғау Комитеті»(CPJ) cынды ұйымдар, отандық құқық қорғаушылар Амангелді Батырбековті қолдап, ресмиНұр-Сұлтанды әділ шешім шығаруға шақырған. Кейіннен журналистің аппеляциялықшағымын қараған Түркістан облыстық соты 8-ші қаңтарда оны жазықсыз деп танып,бостандыққа шығарды.

Фото: Азаттық радиосы.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз