Ахметов мақтанып тұр, журналистері жан бағып жүр

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ

01.10.2021, 15:23

1862

«Айдың-күннің аманында» дейтін емес, кәдімгідей Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Еуропа төріндегі Англияға барып «Ұлы дала алтыны» көрмесін Кембридж төрінде өткізіп мақтанып жүргенде облыстық әкімдік құрылтайшылық ететін «Шығыс-ақпарат» мекемесінен шу шықты. Негізінен облыстық «Дидар», «Рудный Алтай» газеттері, «Алтай-ньюс» сайты жарық көретін шығармашылық ұжымға облыстық әкімдіктің қаржылай қолдау көрсететіні түсінікті еді. Яғни, осы ұжымдардағы журналистердің жылдық жүріп-тұрғаны, жалақысы өңір басшысының қайда барып, не тындырып жүргенін насихаттауына орай тікелей міндеті сияқты көрінетін. Шындығы керек, Шығыс өңірдің көлеңкелі жағын, ара-тұра бұлты қоюланған өзекті мәселелерін де аталған ақпарат құралдарының өкілдері еш бүкпесіз баяндап отыратын.

    Сөзіміздің басында айтқан «Ұлы дала алтыны» көрмесі туралы ақпаратты да алдымен «Шығыс-ақпарат» таратты. Бір қарағанда әлеуеті мол, журналистері де жерге қарап отырмайтындай көрінетін шығармашылық ортаның тап осы сәтте тығырыққа тіреліп отырғанын «Алтай-ньюстегі» Дарын Нұрсапар жарқ еткізбегенде «жабулы қазан жабылып» тұратыны белгілі еді. Әлеуметтік желіде сенатор Нұртөре Жүсіптің журналистердің мәртебесін анықтау туралы ұсынысын көлденең тартқан әріптесіміз ойын төмендегідей төгіп салды:

— Шығыста журналистер еңбекақы алмағандарына үшінші айға кетті. Сол баяғы аты-шулы «Шығыс-ақпарат». Артқа, 90-шы жылдарға бірақ секірдік. Жыл сайын креслоталас, тақталас, бақталас, боқталас интрига, тендер, ақшаның әңгімесі. 150 мыңның аржақ-бержағында сараң байдың садақасы сияқты жаль-ақы (дәл айтқан!-автор) алып, күн-түні аттан түспей шапқылаған тілшілердің жағдайы қиын. Тамызда балаларын оқуға дайындай алмай қалған. Одан бері қыркүйек бітіп қазан келді. Ал енді осыған кім кінәлі? Жауап беретін біреу бар ма?-деді Дарын алдымен дара көрініп.

Әріптесіміздің «Фейсбук» әлеуметтік желіде жарық көрген постына қатысты өз көзқарасын білдірген журналистер сөзінен де шындық шылбыр үзіп тұр. Осы тұрғыда «Алтын арқалағандар жантаққа жарымай тұр де» деген «Егемен Қазақстанның» Шығыс Қазақстан облысындағы тілшісі Мерей Қайнарұлының сөзі тамаша түйреп түскен екен.  

«Жыртың жыртың, әбден мезі етті. Бәрі «найнтиуан» деген сияқты, бәрі интригант әйтеуір. Бәрінен бұрын Шығыс Қазақстан Облысы әкімі Danial Akhmetov бұл интригаларды, солардың кесірінен 200 қызметкер зардабын тартып отырғанын біле ме екен?» деп күрсінді «Алтай-ньюс» тілшісі Назерке Сәлімбекқызы.

«Дидар» газетінің журналисі, сыйлас әріптесіміз Мейрамтай Иманғалиеванің пікірі де әріптестікт жайнайқайға селқаһос қарауға болмайтындығын аңғартады:

«Meyramtay Imangalieva Еуропаның төрінде, Лондонда "Ұлы даланың алтыны" атты көрме өтуде. Ал мұнда жергілікті журналистер бір-бірінен ақша сұрап, қайыр тілеп жүр. Ееее, бір кем дүние...»

Хош, сонымен не керек, «Шығыс-ақпараттың» басына лайықты басшы тұрақтамайтыны жалақыға қатысты басты сұрақ болып тұр. Дегенмен, осы мәселеге қатысты көптеген жайлар облыс әкмінің білім, әлеуметтік сала, идеология жөніндегі орынбасары Азамат Мұхамедчиновке де тірелетіндіктен сөзге тартқан болатынбыз.

— Бұл мәселе менің саламда, бақылауымда екені рас. Бірақ, жалақысының жағдайына, проблемасына «Шығыс-ақпарат» басшысы Ерлан Смағұлов жауап береді, -деп қысқа қайырды А. Мұхамедчинов.

Р.С: Бұл тұрғыдағы кеңейтілген мәселені алдағы аптада «Жас алаш» газетінен толықтай оқи аласыздар.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 12:14
Орал тұрғындары үйді бұзуға қарсы наразылыққа шықты
Сайт әкімшілігі 15.10.2021, 17:20
Жаңа заң жобасы қабылданды
М.СӘУЛЕБЕК 15.10.2021, 12:19
Үлкен жолайрық – үлкен қалаларға тән құбылыс
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 15.10.2021, 08:25
«Мұнайдың үстінде отырып мұнайға жарымаймыз»
Еңлік АРЫҚБАЙ 15.10.2021, 08:23
Мектеп құлап жатыр: рас па?
Сайт әкімшілігі 14.10.2021, 12:01
«Атамекен-Түркістан» микро қаржы ұйымы алғашқы жобаны қаржыландырды

Аңдатпа


  • Гүлшара Әбдіқалықова «Жас Алаштың» тілшісімен кездесті
    05.10.2021, 11:21
  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29