Академиялық ұтқырлық онлайн оқытылуда

Сайт әкімшілігі

26.09.2020, 09:34

112

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ұжымымен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті — дамыған білім беру және зерттеу инфрақұрылымы бар көп профильді жоғары оқу орны. Мұнда бакалавриатта — 135, магистратурада — 143 және докторантурада 19 мамандық бойынша кадрлар әзірленеді.

Университет ұжымына шақыртуы үшін алғыс айтқан қала әкімі қазір терең логикалық ойлау қабілетіне ие, тың идеялар ұсынып, жаңа тұрпатты техника мен технология жасай алатын, жаһандану жағдайындағы сан құбылған еңбек нарығының талаптарына тез бейімделе білетін кәсіби кадрлар даярлаудың қай кездегіден де маңызды екенін атап өтті.

-Сіздердің ғылыми инновацияларыңыз қаладағы әлеуметтік ортаның тартымдылығын арттырады және өңірдегі өмір сүрудің сапасын жақсартады. Біз Сіздердің экономиканың драйверіне айналатын кәсіптік университет ретінде даму мен жаңа технологиялық элитаны қалыптастыруға бағытталған стратегияларыңызды қолдаймыз. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін, — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Кездесу барысында әкім Боллон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының жұмысымен танысты. Бұл орталық серіктес университеттермен халықаралық байланыс орнату, студенттер мен оқытушыларды шет мемлекеттерге оқу мен біліктілігін арттыруға жолдау және оқу бағдарламасына Боллон процесі қағидаларын енгізу мақсатында құрылған. 2019-2020 оқу жылында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасына 74 студент, ал, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына 60 студент қатысқан.

Шәкірттер дамыған елдердің үздік университеттеріне жолданған. Атап айтқанда, олардың қатарында Германиядағы Хоф қолданбалы ғылымдар университеті, Испаниядағы Кадиса, Польшадағы Лодзин, Оңтүстік Кореядағы Сангмёнг және басқа да университеттер бар.

Орталықтың директоры короновирусты инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өзге оқу орындарына жіберу тоқтатылғанын айтты. Пандемия басталардан бұрын кеткен студенттер де кері шақыртылыпты. Бүгінде шет мемлекеттерде университеттің студенттері жоқ. Пандемия аяқталғанға дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту онлайн форматта жүргізіледі.

Айта кетейік, бүгінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 22 мыңнан астам студент, 532 магистрант және 142 PhD докторант білім алуда.

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 09:31
Қандасты қан-жоса қылды: Полицейге пәрмен жүрмей ме?
Сайт әкімшілігі 25.01.2021, 09:28
Төтенше жағдай: "АрселорМиттал Теміртау" цехында шатыр опырылды
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 22.01.2021, 17:30
Қарағанды облысында карантин күшейеді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 22.01.2021, 17:00
Семейді қыстан сақтауға "қолы қойылмаған" Сақтағанов келді
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 21.01.2021, 17:44
"Ұлттық ат бәйгесін ас беру деңгейінде ғана қарастыруға болмайды"
Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ 21.01.2021, 16:13
Алименттен жалтарған әкенің көлігі тәркіленді

Аңдатпа


  • "Вакцина жасатқандар жарты жылдан кейін жаппай өле бастайды», бұл ақиқат па?
    25.01.2021, 09:46
  • Қазақ қызы АҚШ президентінің протокол басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды
    22.01.2021, 13:10
  • «Жас Алаш» – әділдіктің трибунасы
    21.01.2021, 13:59
  • Жәнібек пен Ордаға жол жететін күн бар ма?
    20.01.2021, 09:21
  • Шағаладай шарқ ұрған шақ
    20.01.2021, 09:32