06.04.2021, 16:32
1771
Көліктегі полиция департаменті Ақтаудағы халықаралық әуежай аумағын шұғыл қоршауға алу туралы ресми мәлімет берді.
5 сәуірде сағат 21.00-де патрульдік-күзет қызметінің полицейлері Ақтау әуежайының вокзал маңындағы алаңында қоқыс контейнерінен күмән тудыратын сөмке тапқан. Осыдан кейін полиция әуежайдың іргелес аумағын қоршауға алған.
«Жедел әрекет ету қызметтеріне хабарланды. Әуежай ғимаратынан 350-400 адам эвакуацияланды. Арнайы мамандар сөмкені тексеріп, қауіпті және тыйым салынған зат тапқан жоқ. Полиция сөмкенің иесі Ақтау-Шымкент бағытындағы рейстің 21 жастағы жолаушысы екенін анықтады», — деді Көліктегі полиция департаменті өкілдері.
Сауалнама барысында жолаушы рейске тіркелу кезінде оның жүгі салмақ шегінен асқанын білген. Ол қаражаты болмағандықтан жұмыс киімін бір сөмкеге салып, қалғанын терминал маңындағы қоқыс жәшігіне тастаған. Жағдайға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр.
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР