Арал және Сырдарияда өрт сөндіру автокөлігі мүлдем жоқ

Миуа БАЙНАЗАРОВА

21.05.2021, 12:30

1476

Облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы 30 пайызды құрайды. Бар техниканың өзі ескірген. Ал Арал және Сырдария аудандарында өрт сөндіру автокөлігі мүлдем жоқ. Демек, бұл – орманшылар дала өртін ауыздықтауға қауқарсыз  деген сөз. Салаға қатысты осы және өзге де мәселелер төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысында қаралды.

Аймақта жыл басынан бері жалпы көлемі 37 гектарды құрайтын жеті дала өрті тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге аз. Дегенмен мамандар облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінде тілсіз жауды дер кезінде анықтау және ауыздықтауға арналған қажетті техникалар  жоқтың қасы екенін тілге тиек етті. Атап айтсақ, 15 өрт мұнарасы, 312 дана байланыс құралы, төрт өрт сөндіру техникасы және 12 мотопомпа қажет. Алайда   мұны алатын қаражат қайда?

«Жалпы, материалдық-техникалық жабдықталу дәрежесі 30 пайызды  құрайды. Қызылорда қаласы мен Қазалы ауданындағы өрт сөндіру автокөліктерінің жағдайлары өте төмен. Техникалар ескірген. Өрт сөндіру кезінде техникалардағы ақаулықтар кесірінен созылмалы өртке ұласқан жағдайлар орын алуда. Мәселен, былтырғы Пригородный орман шаруашылығындағы өрт үш күнге созылды. Ал Арал мен Сырдария аудандарындағы орман шаруашылығы мекемелерінде өрт сөндіретін автокөліктер мүлдем жоқ. Бұл дегеніміз орман шаруашылығы саласындағы мемлекеттік мекемелердің орман өрттерін өшіруге әлсіздігі мен дайын еместігін көрсетеді», — деді облыстық ТЖД бастығы Руслан Қайрақбаев.

Тағы бір мәселе – шалғайда орналасқан елді мекендерде өртті дер кезінде ауыздықтау үшін 22 өрт сөндіру бекеті құрылған. Бірақ бұл бекеттердің 95 пайызы талапқа сай емес. Атап айтсақ, бірінші кезекте электр энергиясымен, жылумен, сумен және өрт сөндіру көлігіне арналған ғимаратпен және телефон байланысымен қамтамасыз етілмеген. Сондықтан облыс әкімі жауапты сала басшыларына бұл мәселені тезірек қолға алуды тапсырды.

«Бұл жөнінде шұғыл түрде ұсыныс берініздер. 30 пайыз деген өте төмен деңгейде деген сөз. Үш жылдың ішінде толықтай қалыпқа келтіруді тапсырамын, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Сонда дейміз-ау, өрт сөндіретін машиналарды және құрал-жабдықтарын  қаражат бөлінбесе қайдан алады? Әкім  осыны  неге  қолға алмайды. Әкім әмір  бергеннен  бұрын, алдын ала  осы  мәселені  шешіп алмады  ма? «Жаны ашымастың қасында, басы ауырмас» деген осы ғой.

Комиссия отырысында су айдындарындағы қауіпсіздік мәселесі де сөз болды. Аймақта суға түсу маусымы басталмай жатып жыл басынан бері жеті адам тілсіз жаудың құрбаны болды. Қайғылы жағдайдың басты себебі –   қауіпсіздік ережелерін сақтамау. Осыған орай, суға түсу маусымын әзірге жауып тастады.

Облыс бойынша суға шомылуға қауіпті 64 учаске белгіленген. Қазіргі күні бұл жерлерге ескерту тақтайшаларын орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Арал, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы маңындағы суға түсетін жағажайларға бақылау мұнарасын тұрғызу тапсырылды. 

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

М.СӘУЛЕБЕК 24.09.2021, 15:04
Инвесторлар үшін тартымды өңір
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 24.09.2021, 11:13
Жезқазғанда экспедиция қатысушылары бұрын зерттелмеген петроглифтерді анықтады
Сайт әкімшілігі 24.09.2021, 09:25
Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға шыққан ұшақ шұғыл қонды
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 15:30
Жастардың мемлекеттік саясаты өзгеруі мүмкін
Еркежан АРЫН 23.09.2021, 13:00
Еріктілер вакцинаның маңыздылығын насихаттауда
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 23.09.2021, 08:30
Сарандағы РТБ зауыты ауданында тіршілік жаңарды

Аңдатпа


  • Ұлт құндылығының ұлағаты
    14.09.2021, 12:30
  • «Жас Алаштың» 100 жылдығы Жамбылда жалғасты
    03.08.2021, 11:01
  • «Жас Алаш» газетінің мерейтойына орай бильярдтан турнир өтті
    30.07.2021, 12:31
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай Таразда бильярдтан турнир өтуде
    29.07.2021, 12:29
  • "Жас Алаштың" 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бильярд турнирі тартысты өтті
    14.03.2021, 11:39