21.10.2021, 12:01
729
Түркістан облысының полицейлері арықта ұйықтап қалған баланы тапты. Бұл туралы Түркістан обылстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түнгі сағат 23:30 шамасында Сайрам аудандық Полиция бөліміне баласын таппай қалған әйел хабарласып, көмек сұраған. Тұрғынның айтуынша, оның 9 жастағы ұлы күндізгі уақытта ойнауға кетіп, қас қарайғанша келмеген. Баланы өзі бірнеше сағат іздеген. Алайда одан іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін әйел, полицейлерден көмек сұраған.
Орын алған жәйт кәмелет жасына толмаған баланың қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан ювеналды полиция тобы мен учаскелік инспекторлар шұғыл іске кірісті. Жеткіншектің баруы мүмкін жерлер, жақын аумақтар мұқият тексерілді. 1 сағатқа созылған іздестіру жұмыстары нәтижесінде, жоғалған бала табылады. Нақтырақ айтсақ, учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Нұржан Думбаев балақайды үйінен 3 көше ары орналасқан арықта ұйықтап жатқан жерінен тауып, отбасына қайтарды. Баланың өзі мен ата-анасына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Өз кезегінде қуанышын жасыра алмаған ана, тәртіп сақшыларына шынайы ризашылығын жеткізеді. Баласын аман-есен тауып, үйіне қайтарған полицейлердің жұмысына жеміс тіледі.
Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға, ұл-қыздарын қараусыз қалдырмауды ескертеді. Балаңыздың қайда, кімге баратынын қадағалауға кеңес береді. Жалпы, жақыныңды жоғалтқаннан ауыр ештеңе жоқ. Сондықтан, бір-бірімізден алыстамай, қамқор болып жүрейік!
ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР