Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті

Айтбала СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ

19.10.2021, 14:34

572

Арқа көрермендеріне рухани мереке сыйлаған театр тарланы Әшірбек Сығай атындағы тұңғыш республикалық театр фестивалі мәреге жетті. Сахна саңлақтары көрермендерінмен, көрермен әртістермен қимай қоштасты.

Түрен жол ашқан  фестивальді екі жылда бір мәрте өткізуді жоспарлап отырмыз. Байқау  әріптестерімнің шығармашылық ізденістеріне жол ашатын шырайлы шараға айналмақ. Өнер адамы қашанда қолдауға зәру.  Қарағандыда тұсауы кесілген  жаңа фестиваль актерлер қауымына үкілі үміт, тың белес сыйлады. Демек, театрдың жаңа кезеңі басталды деген сөз,-дейді қазылар алқасының мүшесі Мирас Әбіл.

 Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы құрметіне арналған  өнер мерекесі  Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Шымылдығын түрілге алғашқы фестивальге республикамыздың әр өңірінен  15 театр ұжымы қатысты.

-Осыншама театрды бір фесивальге жұмылдыру өте ғанибет шешім! Бұл арада театр өкілі ретінде  Оңтүстік-Солтүстік, Батыс пен Шығыс Қазақстанның актерлерінің қарым-қабілетін  сынға салып, өрелі өнерлеріне риза болып бір марқайып қалдым. Дәрежелері мықты, деңгейлері кемел,-деп ықыласын білдірді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қарағандылық көрнекті актер-Кеңес Жұмабеков.

Қойылымдардың тақырыбы әр алуан. Аптаның әр күні айшықты. Сахнада классикалық және заманауи жанрдағы спектакельдер қамтылды. Фестивальдің салтанатты  жабылу сәтінде  қазылар барша театр өкілдерінің еңбегін елеп, 15 номинация бойынша жеңімпаздарды жариялады. Бірақ, байқаудың аты-байқау. Дегенмен, өнер төрешілеріне кіл мықтыны анықтау оңайға соқпағаны анық.  Оған айғақ, биылғы фестивальде  екі гран-при тағайындалды. Оны «Құлагер» поэмасының желісі бойынша спектакельді сахналаған Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына, сондай-ақ «Тәуелсіздіктің -30 жылдығы» бас жүлдесін- С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының « Электра»  трагедиясына берілді. Байқаудың бірінші орынын Алматы қаласынан келген Мемлекеттік қуыршақ тетры жеңіп алды.  Шымкенттік Ж. Шанин атындағы   академиялық қазақ драма театры екінші орын еншіледі. Үшінші орын  Семейлік  «Дариға-ай» жастар театрына бұйырды. Әшірбек Сығайдың шәкірттері атынан арнайы сыйлық   Шымкент академиялық қазақ драма театрына берілді. Номинациялар бойынша жеңімпаздарға  түрлі аталымдар бойынша арнайы сыйлықтар тапсырылды. Фестивальде қойлымның өзектілігі ғана сыналмады, тақырыптың өзектілігі, сахналық киім үлгісі, декорация актерлік шеберлік  таразыға салынды. Театр фестивалінде  «үздік актер»  номинациясында  Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау музыкалық драма театрының әртісі Абзал Ратбек,  С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ академиялық драма театрының актрисасы Амира Омарова «үздік актриса» атанды.

— Маған басты рольді сомдап шығу оңайға соқпады. Толқыдым, тебірендім. Образымды ашуға барынша тырысып бақтым. Себебі, психологиялық арпалыстан тұратын спектакельді сомдау қашанда қиын. Кейіпкердің күйін кешіп, жан дүниең арпалыс  үстінде болады. Абырой болғанда, еңбегім еш кетпеді. Қазылар алқасы үздіктер қатарына қосқанына шексіз қуаныштымын!-деп тебіренісін жеткізді талантты әртіс.

«Үздік режисссура» номинациясындағы жүлдені  Н. Жантөрин атындағы Маңғыстау  музыкалық драма театрының режиссері Дина Құнанбай жеңіп алды. «Үздік сценография» үшін Б. Римова атындағы Талдықорға драма театры марапат алды. К.Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры «Үздік актерлік ансамбль» номинациясында алға шықты. Әйелдер арасында «үздік  эпизодтық рөлін»  Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Еркежан Төлеубек  иеленді.

        

Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 18:48
Нұр-Сұлтанда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 16 мың жұмыс орны бар
Миуа БАЙНАЗАРОВА 11:40
Ғанибек Қазантаев, Қызылорда қаласының әкімі: Басты мақсат – халыққа жағдай жасау
Арайлым ЕРКЕБАЕВА 10:35
Теміртау тағы тоңып отыр
Сайт әкімшілігі 09:36
Шортандыдағы жарылыс, Абай кенішіндегі апат. Министр кінәлілерді атады
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 18:00
"Алматыда жойқын жер сілкінісі болса, ғимараттардың 60 пайызы қирайды"
Сайт әкімшілігі 06.12.2021, 16:22
БЖЗҚ-дағы артық қаражатты "Отбасы банкіне" тек 2022 жылдан бастап аударуға болады

Аңдатпа


  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00
  • «Ақиқаттың алдаспаны» байқауына қатысыңыз
    26.10.2021, 11:14